Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #66 Translated in Kazakh

وَقَالَ لِفِتْيَانِهِ اجْعَلُوا بِضَاعَتَهُمْ فِي رِحَالِهِمْ لَعَلَّهُمْ يَعْرِفُونَهَا إِذَا انْقَلَبُوا إِلَىٰ أَهْلِهِمْ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Ол Йусуф қызметкерлеріне: «Олардың бидайға төлеген заттарын жүктерінің ішіне салып жіберіңдер. Бәлкім, олар үйлеріне оралған кезде, мұны таныр әрі мүмкін қайтып келер», деді
فَلَمَّا رَجَعُوا إِلَىٰ أَبِيهِمْ قَالُوا يَا أَبَانَا مُنِعَ مِنَّا الْكَيْلُ فَأَرْسِلْ مَعَنَا أَخَانَا نَكْتَلْ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ
Сөйтіп олар әкелеріне қайтып барғандарында: «Әй, әке! Бізге өлшеу тоқтатылды астық берілмейтін болды . Бауырымызды бізбен бірге жібер, сонда өлшемімізді аламыз. Анығында, біз оны қорғаушымыз», деді
قَالَ هَلْ آمَنُكُمْ عَلَيْهِ إِلَّا كَمَا أَمِنْتُكُمْ عَلَىٰ أَخِيهِ مِنْ قَبْلُ ۖ فَاللَّهُ خَيْرٌ حَافِظًا ۖ وَهُوَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ
Ол Йаъқуб : «Бұдан бұрын оның бауырын сендерге сеніп тапсырғаным секілді, оны да сеніп тапсырайын ба? Аллаһ қорғауда бәрінен жақсы. Ол мейірімділердің ең Мейірімдісі», деді
وَلَمَّا فَتَحُوا مَتَاعَهُمْ وَجَدُوا بِضَاعَتَهُمْ رُدَّتْ إِلَيْهِمْ ۖ قَالُوا يَا أَبَانَا مَا نَبْغِي ۖ هَٰذِهِ بِضَاعَتُنَا رُدَّتْ إِلَيْنَا ۖ وَنَمِيرُ أَهْلَنَا وَنَحْفَظُ أَخَانَا وَنَزْدَادُ كَيْلَ بَعِيرٍ ۖ ذَٰلِكَ كَيْلٌ يَسِيرٌ
Олар жүктерін ашқан кезде, заттарының өздеріне қайтарылғанын көріп: «Әй, әкеміз! Енді не қалаймыз! Міне, мына заттарымыз да өзімізге қайтарылыпты, біз отбасымызды азықпен қамдаймыз және бауырымызды қорғаймыз. Әрі бір түйелік өлшеуді артық аламыз. Бұл бір жеңіл өлшеу», деді
قَالَ لَنْ أُرْسِلَهُ مَعَكُمْ حَتَّىٰ تُؤْتُونِ مَوْثِقًا مِنَ اللَّهِ لَتَأْتُنَّنِي بِهِ إِلَّا أَنْ يُحَاطَ بِكُمْ ۖ فَلَمَّا آتَوْهُ مَوْثِقَهُمْ قَالَ اللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٌ
Ол Йаъқуб : «Мен оны маған қайтып алып келетіндеріңе Аллаһпен уәде бергендеріңе дейін сендермен бірге жібермеймін, бірақ өздерің қоршауға түсіп қалсаңдар, амал жоқ», деді. Олар уәделерін берген кезде, ол: «Айтқан сөздерімізге Аллаһ кепіл», деді

Choose other languages: