Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #67 Translated in Kazakh

فَلَمَّا رَجَعُوا إِلَىٰ أَبِيهِمْ قَالُوا يَا أَبَانَا مُنِعَ مِنَّا الْكَيْلُ فَأَرْسِلْ مَعَنَا أَخَانَا نَكْتَلْ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ
Сөйтіп олар әкелеріне қайтып барғандарында: «Әй, әке! Бізге өлшеу тоқтатылды астық берілмейтін болды . Бауырымызды бізбен бірге жібер, сонда өлшемімізді аламыз. Анығында, біз оны қорғаушымыз», деді
قَالَ هَلْ آمَنُكُمْ عَلَيْهِ إِلَّا كَمَا أَمِنْتُكُمْ عَلَىٰ أَخِيهِ مِنْ قَبْلُ ۖ فَاللَّهُ خَيْرٌ حَافِظًا ۖ وَهُوَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ
Ол Йаъқуб : «Бұдан бұрын оның бауырын сендерге сеніп тапсырғаным секілді, оны да сеніп тапсырайын ба? Аллаһ қорғауда бәрінен жақсы. Ол мейірімділердің ең Мейірімдісі», деді
وَلَمَّا فَتَحُوا مَتَاعَهُمْ وَجَدُوا بِضَاعَتَهُمْ رُدَّتْ إِلَيْهِمْ ۖ قَالُوا يَا أَبَانَا مَا نَبْغِي ۖ هَٰذِهِ بِضَاعَتُنَا رُدَّتْ إِلَيْنَا ۖ وَنَمِيرُ أَهْلَنَا وَنَحْفَظُ أَخَانَا وَنَزْدَادُ كَيْلَ بَعِيرٍ ۖ ذَٰلِكَ كَيْلٌ يَسِيرٌ
Олар жүктерін ашқан кезде, заттарының өздеріне қайтарылғанын көріп: «Әй, әкеміз! Енді не қалаймыз! Міне, мына заттарымыз да өзімізге қайтарылыпты, біз отбасымызды азықпен қамдаймыз және бауырымызды қорғаймыз. Әрі бір түйелік өлшеуді артық аламыз. Бұл бір жеңіл өлшеу», деді
قَالَ لَنْ أُرْسِلَهُ مَعَكُمْ حَتَّىٰ تُؤْتُونِ مَوْثِقًا مِنَ اللَّهِ لَتَأْتُنَّنِي بِهِ إِلَّا أَنْ يُحَاطَ بِكُمْ ۖ فَلَمَّا آتَوْهُ مَوْثِقَهُمْ قَالَ اللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٌ
Ол Йаъқуб : «Мен оны маған қайтып алып келетіндеріңе Аллаһпен уәде бергендеріңе дейін сендермен бірге жібермеймін, бірақ өздерің қоршауға түсіп қалсаңдар, амал жоқ», деді. Олар уәделерін берген кезде, ол: «Айтқан сөздерімізге Аллаһ кепіл», деді
وَقَالَ يَا بَنِيَّ لَا تَدْخُلُوا مِنْ بَابٍ وَاحِدٍ وَادْخُلُوا مِنْ أَبْوَابٍ مُتَفَرِّقَةٍ ۖ وَمَا أُغْنِي عَنْكُمْ مِنَ اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ ۖ إِنِ الْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِ ۖ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ ۖ وَعَلَيْهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُتَوَكِّلُونَ
Ол: «Әй, балаларым! Бір қақпадан кірмеңдер, бөлек-бөлек қақпалардан кіріндер. Мен сендерге Аллаһтан келгенге көмек бере алмаймын. Үкім ету иелігі Аллаһта ғана, мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым тәуекел еттім . Біреуге жүгініп, сенім артушылар тәуекел етушілер Оған Аллаһқа жүгініп, істерін тапсырсын тәуекел етсін », деді

Choose other languages: