Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #62 Translated in Kazakh

وَجَاءَ إِخْوَةُ يُوسُفَ فَدَخَلُوا عَلَيْهِ فَعَرَفَهُمْ وَهُمْ لَهُ مُنْكِرُونَ
Бірде Йусуфтың бауырлары келіп, оның алдына кірді. Сонда, ол оларды таныды. Ал, олар оны танымады
وَلَمَّا جَهَّزَهُمْ بِجَهَازِهِمْ قَالَ ائْتُونِي بِأَخٍ لَكُمْ مِنْ أَبِيكُمْ ۚ أَلَا تَرَوْنَ أَنِّي أُوفِي الْكَيْلَ وَأَنَا خَيْرُ الْمُنْزِلِينَ
Ол олардың жүктерін әзірлеткен кезде: «Бір әкедентуған бауырларыңды маған алып келіңдер. Менің өлшеуді толықтырып беретінімді әрі қонақ қабылдаушылардың қайырлысы екенімді көрдіңдер ғой
فَإِنْ لَمْ تَأْتُونِي بِهِ فَلَا كَيْلَ لَكُمْ عِنْدِي وَلَا تَقْرَبُونِ
Егер оны маған әкелмесеңдер, менің сендерге өлшеп берерім жоқ әрі маған жақындамаңдар», деді
قَالُوا سَنُرَاوِدُ عَنْهُ أَبَاهُ وَإِنَّا لَفَاعِلُونَ
Олар: «Біз оның әкесінің көңілін аулап, оны сұрап алуға тырысамыз әрі мұны, әлбетте, орындаймыз», деді
وَقَالَ لِفِتْيَانِهِ اجْعَلُوا بِضَاعَتَهُمْ فِي رِحَالِهِمْ لَعَلَّهُمْ يَعْرِفُونَهَا إِذَا انْقَلَبُوا إِلَىٰ أَهْلِهِمْ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Ол Йусуф қызметкерлеріне: «Олардың бидайға төлеген заттарын жүктерінің ішіне салып жіберіңдер. Бәлкім, олар үйлеріне оралған кезде, мұны таныр әрі мүмкін қайтып келер», деді

Choose other languages: