Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #61 Translated in Kazakh

وَلَأَجْرُ الْآخِرَةِ خَيْرٌ لِلَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ
Ал, соңғы, мәңгілік өмір ақирет сыйы болса иманға келгендер және тақуалық еткендер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар үшін одан да қайырлы
وَجَاءَ إِخْوَةُ يُوسُفَ فَدَخَلُوا عَلَيْهِ فَعَرَفَهُمْ وَهُمْ لَهُ مُنْكِرُونَ
Бірде Йусуфтың бауырлары келіп, оның алдына кірді. Сонда, ол оларды таныды. Ал, олар оны танымады
وَلَمَّا جَهَّزَهُمْ بِجَهَازِهِمْ قَالَ ائْتُونِي بِأَخٍ لَكُمْ مِنْ أَبِيكُمْ ۚ أَلَا تَرَوْنَ أَنِّي أُوفِي الْكَيْلَ وَأَنَا خَيْرُ الْمُنْزِلِينَ
Ол олардың жүктерін әзірлеткен кезде: «Бір әкедентуған бауырларыңды маған алып келіңдер. Менің өлшеуді толықтырып беретінімді әрі қонақ қабылдаушылардың қайырлысы екенімді көрдіңдер ғой
فَإِنْ لَمْ تَأْتُونِي بِهِ فَلَا كَيْلَ لَكُمْ عِنْدِي وَلَا تَقْرَبُونِ
Егер оны маған әкелмесеңдер, менің сендерге өлшеп берерім жоқ әрі маған жақындамаңдар», деді
قَالُوا سَنُرَاوِدُ عَنْهُ أَبَاهُ وَإِنَّا لَفَاعِلُونَ
Олар: «Біз оның әкесінің көңілін аулап, оны сұрап алуға тырысамыз әрі мұны, әлбетте, орындаймыз», деді

Choose other languages: