Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #47 Translated in Kazakh

وَقَالَ الْمَلِكُ إِنِّي أَرَىٰ سَبْعَ بَقَرَاتٍ سِمَانٍ يَأْكُلُهُنَّ سَبْعٌ عِجَافٌ وَسَبْعَ سُنْبُلَاتٍ خُضْرٍ وَأُخَرَ يَابِسَاتٍ ۖ يَا أَيُّهَا الْمَلَأُ أَفْتُونِي فِي رُؤْيَايَ إِنْ كُنْتُمْ لِلرُّؤْيَا تَعْبُرُونَ
Патша бір күні : «Мен түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық сиырдың жеп жатқанын және жеті жасыл масақты тағы сонша қурағандарын көрдім. Ей, уәзір, бектер! Егер түс жоритын болсаңдар, маған түсімнің жай-жапсарын айтып беріңдер», деді
قَالُوا أَضْغَاثُ أَحْلَامٍ ۖ وَمَا نَحْنُ بِتَأْوِيلِ الْأَحْلَامِ بِعَالِمِينَ
Олар: «Бұл шым-шытырық түс екен. Біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», деді
وَقَالَ الَّذِي نَجَا مِنْهُمَا وَادَّكَرَ بَعْدَ أُمَّةٍ أَنَا أُنَبِّئُكُمْ بِتَأْوِيلِهِ فَأَرْسِلُونِ
Сонда әлгі екеудің құтылғаны, біршама уақыт өткеннен соң есіне Йусуфты алып: «Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін, мені Йусуфке жіберіңдер», деді
يُوسُفُ أَيُّهَا الصِّدِّيقُ أَفْتِنَا فِي سَبْعِ بَقَرَاتٍ سِمَانٍ يَأْكُلُهُنَّ سَبْعٌ عِجَافٌ وَسَبْعِ سُنْبُلَاتٍ خُضْرٍ وَأُخَرَ يَابِسَاتٍ لَعَلِّي أَرْجِعُ إِلَى النَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَعْلَمُونَ
«Ей, Йусуф! Ей, шыншыл! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арығы жеп жатқандығын және жеті жасыл масақ пен сонша қурағандарының мәнісін айтып бер. Мен адамдарға қайта барармын, мүмкін олар қадіріңді білер», деді
قَالَ تَزْرَعُونَ سَبْعَ سِنِينَ دَأَبًا فَمَا حَصَدْتُمْ فَذَرُوهُ فِي سُنْبُلِهِ إِلَّا قَلِيلًا مِمَّا تَأْكُلُونَ
Ол Йусуф : «Жеті жыл қатарынан егін егесіңдер. Орып алғандарыңды, тек өздерің жейтін азынан басқасын масағында қалдырыңдар

Choose other languages: