Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #48 Translated in Kazakh

قَالُوا أَضْغَاثُ أَحْلَامٍ ۖ وَمَا نَحْنُ بِتَأْوِيلِ الْأَحْلَامِ بِعَالِمِينَ
Олар: «Бұл шым-шытырық түс екен. Біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», деді
وَقَالَ الَّذِي نَجَا مِنْهُمَا وَادَّكَرَ بَعْدَ أُمَّةٍ أَنَا أُنَبِّئُكُمْ بِتَأْوِيلِهِ فَأَرْسِلُونِ
Сонда әлгі екеудің құтылғаны, біршама уақыт өткеннен соң есіне Йусуфты алып: «Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін, мені Йусуфке жіберіңдер», деді
يُوسُفُ أَيُّهَا الصِّدِّيقُ أَفْتِنَا فِي سَبْعِ بَقَرَاتٍ سِمَانٍ يَأْكُلُهُنَّ سَبْعٌ عِجَافٌ وَسَبْعِ سُنْبُلَاتٍ خُضْرٍ وَأُخَرَ يَابِسَاتٍ لَعَلِّي أَرْجِعُ إِلَى النَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَعْلَمُونَ
«Ей, Йусуф! Ей, шыншыл! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арығы жеп жатқандығын және жеті жасыл масақ пен сонша қурағандарының мәнісін айтып бер. Мен адамдарға қайта барармын, мүмкін олар қадіріңді білер», деді
قَالَ تَزْرَعُونَ سَبْعَ سِنِينَ دَأَبًا فَمَا حَصَدْتُمْ فَذَرُوهُ فِي سُنْبُلِهِ إِلَّا قَلِيلًا مِمَّا تَأْكُلُونَ
Ол Йусуф : «Жеті жыл қатарынан егін егесіңдер. Орып алғандарыңды, тек өздерің жейтін азынан басқасын масағында қалдырыңдар
ثُمَّ يَأْتِي مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ سَبْعٌ شِدَادٌ يَأْكُلْنَ مَا قَدَّمْتُمْ لَهُنَّ إِلَّا قَلِيلًا مِمَّا تُحْصِنُونَ
Одан кейін жеті ауыр жыл келеді де, алдын ала жинап қамдағандарыңды жейді, тек сақтап қойған азынан басқа

Choose other languages: