Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #25 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِي اشْتَرَاهُ مِنْ مِصْرَ لِامْرَأَتِهِ أَكْرِمِي مَثْوَاهُ عَسَىٰ أَنْ يَنْفَعَنَا أَوْ نَتَّخِذَهُ وَلَدًا ۚ وَكَذَٰلِكَ مَكَّنَّا لِيُوسُفَ فِي الْأَرْضِ وَلِنُعَلِّمَهُ مِنْ تَأْوِيلِ الْأَحَادِيثِ ۚ وَاللَّهُ غَالِبٌ عَلَىٰ أَمْرِهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Оны сатып алған мысырлық өз әйеліне: «Оған жақсылап қара. Мүмкін ол бізге пайда әкелер немесе бала етіп алармыз», деді. Осылай оны ол жерде Мысырда орнықтырдық әрі оған түстердің жоруын үйрету үшін. Аллаһ ісін соңына жеткізуші, алайда, адамдардың көбі білмейді
وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُ آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ
Ал, ол ержеткен кезде, Біз оған үкім және білім бердік. Жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын Біз осылай береміз
وَرَاوَدَتْهُ الَّتِي هُوَ فِي بَيْتِهَا عَنْ نَفْسِهِ وَغَلَّقَتِ الْأَبْوَابَ وَقَالَتْ هَيْتَ لَكَ ۚ قَالَ مَعَاذَ اللَّهِ ۖ إِنَّهُ رَبِّي أَحْسَنَ مَثْوَايَ ۖ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الظَّالِمُونَ
Ол тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақшы болды. Сөйтіп есіктерді жауып: «Бері кел!» деді. Ол: «Пана тілеп, Аллаһқа сиынамын. Ақиқатында, ол күйеуің менің қожайыным, маған қарап, жақсы орын берді. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», деді
وَلَقَدْ هَمَّتْ بِهِ ۖ وَهَمَّ بِهَا لَوْلَا أَنْ رَأَىٰ بُرْهَانَ رَبِّهِ ۚ كَذَٰلِكَ لِنَصْرِفَ عَنْهُ السُّوءَ وَالْفَحْشَاءَ ۚ إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُخْلَصِينَ
Ол әйел оны қалады. Егер Раббысының белгісін көрмегенде, оның да Йусуфтың да оған ойы кетер еді. Біз одан жамандықты және жиіркенішті нәрсені бұруымыз үшін осылай еттік. Өйткені, ол тазартылған, ықыласты құлдарымыздан еді
وَاسْتَبَقَا الْبَابَ وَقَدَّتْ قَمِيصَهُ مِنْ دُبُرٍ وَأَلْفَيَا سَيِّدَهَا لَدَى الْبَابِ ۚ قَالَتْ مَا جَزَاءُ مَنْ أَرَادَ بِأَهْلِكَ سُوءًا إِلَّا أَنْ يُسْجَنَ أَوْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Сонда екеуі есікке жүгірді де әйел оның көйлегін арт жағынан жыртты. Есік алдында екеуі оның әйелдің қожайынына тап болды. Ол әйел еріне : «Сенің жұбайыңа жамандық қалаған біреуге түрме немесе қинаушы азаптан басқа жаза жоқ», деді

Choose other languages: