Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #28 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ هَمَّتْ بِهِ ۖ وَهَمَّ بِهَا لَوْلَا أَنْ رَأَىٰ بُرْهَانَ رَبِّهِ ۚ كَذَٰلِكَ لِنَصْرِفَ عَنْهُ السُّوءَ وَالْفَحْشَاءَ ۚ إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُخْلَصِينَ
Ол әйел оны қалады. Егер Раббысының белгісін көрмегенде, оның да Йусуфтың да оған ойы кетер еді. Біз одан жамандықты және жиіркенішті нәрсені бұруымыз үшін осылай еттік. Өйткені, ол тазартылған, ықыласты құлдарымыздан еді
وَاسْتَبَقَا الْبَابَ وَقَدَّتْ قَمِيصَهُ مِنْ دُبُرٍ وَأَلْفَيَا سَيِّدَهَا لَدَى الْبَابِ ۚ قَالَتْ مَا جَزَاءُ مَنْ أَرَادَ بِأَهْلِكَ سُوءًا إِلَّا أَنْ يُسْجَنَ أَوْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Сонда екеуі есікке жүгірді де әйел оның көйлегін арт жағынан жыртты. Есік алдында екеуі оның әйелдің қожайынына тап болды. Ол әйел еріне : «Сенің жұбайыңа жамандық қалаған біреуге түрме немесе қинаушы азаптан басқа жаза жоқ», деді
قَالَ هِيَ رَاوَدَتْنِي عَنْ نَفْسِي ۚ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ أَهْلِهَا إِنْ كَانَ قَمِيصُهُ قُدَّ مِنْ قُبُلٍ فَصَدَقَتْ وَهُوَ مِنَ الْكَاذِبِينَ
Йусуф : «Ол менің көңілімді өзіне тартпақ болды», деді. Әйелдің үй-ішінен біреуі куәлік беріп: «Егер оның көйлегі алдынан жыртылса, онда әйел шын айтты, ал, ол өтірікшілерден
وَإِنْ كَانَ قَمِيصُهُ قُدَّ مِنْ دُبُرٍ فَكَذَبَتْ وَهُوَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Ал, егер оның көйлегі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да, ол шын сөзділерден», деді
فَلَمَّا رَأَىٰ قَمِيصَهُ قُدَّ مِنْ دُبُرٍ قَالَ إِنَّهُ مِنْ كَيْدِكُنَّ ۖ إِنَّ كَيْدَكُنَّ عَظِيمٌ
Оның көйлегінің арт жағынан жыртылғанын көрген кезде ол күйеуі : Негізінде, бұл сендердің әйелдердің қулық-сұмдықтарыңнан. Ақиқатында, сендердің қулық-сұмдықтарың өте үлкен

Choose other languages: