Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #45 Translated in Kazakh

وَإِنْ كَذَّبُوكَ فَقُلْ لِي عَمَلِي وَلَكُمْ عَمَلُكُمْ ۖ أَنْتُمْ بَرِيئُونَ مِمَّا أَعْمَلُ وَأَنَا بَرِيءٌ مِمَّا تَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікші санаса: «Менің ісім өзіме, ал сендердің істерің өздеріңе. Сендер менің істеп жатқаныма қатысты емессіңдер әрі мен де сендердің істеп жатқандарыңа қатысты емеспін», деп айт
وَمِنْهُمْ مَنْ يَسْتَمِعُونَ إِلَيْكَ ۚ أَفَأَنْتَ تُسْمِعُ الصُّمَّ وَلَوْ كَانُوا لَا يَعْقِلُونَ
Олардың ішінде саған құлақ түретіндер де бар. Егер ақылдарын істетпесе, сен кереңдерге естірте аласың ба
وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْظُرُ إِلَيْكَ ۚ أَفَأَنْتَ تَهْدِي الْعُمْيَ وَلَوْ كَانُوا لَا يُبْصِرُونَ
Әрі олардың ішінде саған қарайтындар да бар. Егер көрмесе, сен соқырларға жол көрсете аласың ба
إِنَّ اللَّهَ لَا يَظْلِمُ النَّاسَ شَيْئًا وَلَٰكِنَّ النَّاسَ أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Ақиқатында, Аллаһ адамдарға ешбір нәрседе әділетсіздік етпейді. Бірақ адамдар өздеріне-өздері әділетсіздік етеді
وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ كَأَنْ لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا سَاعَةً مِنَ النَّهَارِ يَتَعَارَفُونَ بَيْنَهُمْ ۚ قَدْ خَسِرَ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِلِقَاءِ اللَّهِ وَمَا كَانُوا مُهْتَدِينَ
Оларды жинаған сол Есеп Күні, олар осы дүниеде күндізден бір аз мезгіл ғана тұрғандай болады да бір-бірін тани бастайды. Аллаһпен кездесуді өтірік санағандар шынымен зиянға ұшырады. Әрі олар тура жолда жүрушілерден болмады

Choose other languages: