Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #44 Translated in Kazakh

وَمِنْهُمْ مَنْ يُؤْمِنُ بِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ لَا يُؤْمِنُ بِهِ ۚ وَرَبُّكَ أَعْلَمُ بِالْمُفْسِدِينَ
Олардың арасында оған Құранға сенетіндер де бар. Әрі олардың арасын­да оған сенбейтіндер де бар. Сенің Раббың бұзушы-бүлдірушілерді жақсы Білуші
وَإِنْ كَذَّبُوكَ فَقُلْ لِي عَمَلِي وَلَكُمْ عَمَلُكُمْ ۖ أَنْتُمْ بَرِيئُونَ مِمَّا أَعْمَلُ وَأَنَا بَرِيءٌ مِمَّا تَعْمَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікші санаса: «Менің ісім өзіме, ал сендердің істерің өздеріңе. Сендер менің істеп жатқаныма қатысты емессіңдер әрі мен де сендердің істеп жатқандарыңа қатысты емеспін», деп айт
وَمِنْهُمْ مَنْ يَسْتَمِعُونَ إِلَيْكَ ۚ أَفَأَنْتَ تُسْمِعُ الصُّمَّ وَلَوْ كَانُوا لَا يَعْقِلُونَ
Олардың ішінде саған құлақ түретіндер де бар. Егер ақылдарын істетпесе, сен кереңдерге естірте аласың ба
وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْظُرُ إِلَيْكَ ۚ أَفَأَنْتَ تَهْدِي الْعُمْيَ وَلَوْ كَانُوا لَا يُبْصِرُونَ
Әрі олардың ішінде саған қарайтындар да бар. Егер көрмесе, сен соқырларға жол көрсете аласың ба
إِنَّ اللَّهَ لَا يَظْلِمُ النَّاسَ شَيْئًا وَلَٰكِنَّ النَّاسَ أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Ақиқатында, Аллаһ адамдарға ешбір нәрседе әділетсіздік етпейді. Бірақ адамдар өздеріне-өздері әділетсіздік етеді

Choose other languages: