Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #27 Translated in Kazakh

فَلَمَّا أَنْجَاهُمْ إِذَا هُمْ يَبْغُونَ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ ۗ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّمَا بَغْيُكُمْ عَلَىٰ أَنْفُسِكُمْ ۖ مَتَاعَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ۖ ثُمَّ إِلَيْنَا مَرْجِعُكُمْ فَنُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ал, Ол Аллаһ оларды құтқарған кезде, олар жер бетінде олай етуге құқығы болмаса да әділетсіздік істейді. Ей, адамдар! Шын мәнінде, сендердің әділетсіздіктерің өздеріңе қайтады. Ол істеген әділетсіздіктерің осы өмірдің пайда, рахаты үшін ғана. Содан кейін, қайтуларың Бізге. Сонда сендерге не істегендеріңнің хабарын береміз
إِنَّمَا مَثَلُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَاءٍ أَنْزَلْنَاهُ مِنَ السَّمَاءِ فَاخْتَلَطَ بِهِ نَبَاتُ الْأَرْضِ مِمَّا يَأْكُلُ النَّاسُ وَالْأَنْعَامُ حَتَّىٰ إِذَا أَخَذَتِ الْأَرْضُ زُخْرُفَهَا وَازَّيَّنَتْ وَظَنَّ أَهْلُهَا أَنَّهُمْ قَادِرُونَ عَلَيْهَا أَتَاهَا أَمْرُنَا لَيْلًا أَوْ نَهَارًا فَجَعَلْنَاهَا حَصِيدًا كَأَنْ لَمْ تَغْنَ بِالْأَمْسِ ۚ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Шын мәнінде осы дүниелік өмір Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа өсіп , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған өнімге қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَىٰ دَارِ السَّلَامِ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Аллаһ амандық мекеніне Дарус-Сәламға шақырады әрі қалаған құлын Өзі тура жолмен жүргізеді
لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا الْحُسْنَىٰ وَزِيَادَةٌ ۖ وَلَا يَرْهَقُ وُجُوهَهُمْ قَتَرٌ وَلَا ذِلَّةٌ ۚ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Жақсылықты ықыласпен істегендерге ең жақсысы Жәннат дайындалған және оған артығы қосылады. Олардың беттерінде шаң да, қорлық та болмайды. Міне, солар Жәннаттықтар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар
وَالَّذِينَ كَسَبُوا السَّيِّئَاتِ جَزَاءُ سَيِّئَةٍ بِمِثْلِهَا وَتَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۖ مَا لَهُمْ مِنَ اللَّهِ مِنْ عَاصِمٍ ۖ كَأَنَّمَا أُغْشِيَتْ وُجُوهُهُمْ قِطَعًا مِنَ اللَّيْلِ مُظْلِمًا ۚ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, жамандық жинағандардың қайтарым жазасы сол жамандықтың өзіндей болады. Әрі оларды қорлық басады. Оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмайды. Олардың беттері түннің бір түнектерімен қапталғандай. Міне, солар От тозақ тұрғындары. Олар ол жерде мәңгі қалушылар

Choose other languages: