Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #28 Translated in Kazakh

إِنَّمَا مَثَلُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا كَمَاءٍ أَنْزَلْنَاهُ مِنَ السَّمَاءِ فَاخْتَلَطَ بِهِ نَبَاتُ الْأَرْضِ مِمَّا يَأْكُلُ النَّاسُ وَالْأَنْعَامُ حَتَّىٰ إِذَا أَخَذَتِ الْأَرْضُ زُخْرُفَهَا وَازَّيَّنَتْ وَظَنَّ أَهْلُهَا أَنَّهُمْ قَادِرُونَ عَلَيْهَا أَتَاهَا أَمْرُنَا لَيْلًا أَوْ نَهَارًا فَجَعَلْنَاهَا حَصِيدًا كَأَنْ لَمْ تَغْنَ بِالْأَمْسِ ۚ كَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Шын мәнінде осы дүниелік өмір Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа өсіп , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған өнімге қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз
وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَىٰ دَارِ السَّلَامِ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاءُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Аллаһ амандық мекеніне Дарус-Сәламға шақырады әрі қалаған құлын Өзі тура жолмен жүргізеді
لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا الْحُسْنَىٰ وَزِيَادَةٌ ۖ وَلَا يَرْهَقُ وُجُوهَهُمْ قَتَرٌ وَلَا ذِلَّةٌ ۚ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Жақсылықты ықыласпен істегендерге ең жақсысы Жәннат дайындалған және оған артығы қосылады. Олардың беттерінде шаң да, қорлық та болмайды. Міне, солар Жәннаттықтар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар
وَالَّذِينَ كَسَبُوا السَّيِّئَاتِ جَزَاءُ سَيِّئَةٍ بِمِثْلِهَا وَتَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۖ مَا لَهُمْ مِنَ اللَّهِ مِنْ عَاصِمٍ ۖ كَأَنَّمَا أُغْشِيَتْ وُجُوهُهُمْ قِطَعًا مِنَ اللَّيْلِ مُظْلِمًا ۚ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, жамандық жинағандардың қайтарым жазасы сол жамандықтың өзіндей болады. Әрі оларды қорлық басады. Оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмайды. Олардың беттері түннің бір түнектерімен қапталғандай. Міне, солар От тозақ тұрғындары. Олар ол жерде мәңгі қалушылар
وَيَوْمَ نَحْشُرُهُمْ جَمِيعًا ثُمَّ نَقُولُ لِلَّذِينَ أَشْرَكُوا مَكَانَكُمْ أَنْتُمْ وَشُرَكَاؤُكُمْ ۚ فَزَيَّلْنَا بَيْنَهُمْ ۖ وَقَالَ شُرَكَاؤُهُمْ مَا كُنْتُمْ إِيَّانَا تَعْبُدُونَ
Сол есеп Күні оларды түгелдей жинаймыз. Содан кейін Аллаһқа серік қосқандарға мүшріктерге : «Сендер және серік етіп қосқандарың, орындарыңда тұрыңдар!» дейміз. Біз олардың арасын бөлдік. Сонда олардың серік етіп қосқандары оларға: «Сендер құлшылықты бізге істеген жоқсыңдар

Choose other languages: