Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #63 Translated in Kazakh

قَالَ مَوْعِدُكُمْ يَوْمُ الزِّينَةِ وَأَنْ يُحْشَرَ النَّاسُ ضُحًى
Мұса : «Сендермен уәделі мерзім мереке күні болсын . Әрі адамдар сәске мезгілінде жиналсын»,- деді
فَتَوَلَّىٰ فِرْعَوْنُ فَجَمَعَ كَيْدَهُ ثُمَّ أَتَىٰ
Сөйтіп, Фиръаун қайтып кетті де, кейін өзінің қулық-сұмдығын сиқыршыларын жиып келді
قَالَ لَهُمْ مُوسَىٰ وَيْلَكُمْ لَا تَفْتَرُوا عَلَى اللَّهِ كَذِبًا فَيُسْحِتَكُمْ بِعَذَابٍ ۖ وَقَدْ خَابَ مَنِ افْتَرَىٰ
Мұса оларға: «Ей, сорың құрғырлар! Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырмаңдар. Әйтпесе Ол сендерді азаппен жойып жібереді. Кім ойдан өтірікті құрастырса, ол зиянға ұшырайды», деді
فَتَنَازَعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ وَأَسَرُّوا النَّجْوَىٰ
Сонда олар сиқыршылар бұл іс жайлы тартысып, сөздерін құпия қалдырды
قَالُوا إِنْ هَٰذَانِ لَسَاحِرَانِ يُرِيدَانِ أَنْ يُخْرِجَاكُمْ مِنْ أَرْضِكُمْ بِسِحْرِهِمَا وَيَذْهَبَا بِطَرِيقَتِكُمُ الْمُثْلَىٰ
Олар: «Анығында, бұл екеуі сиқыршы. Сендерді сиқырлары арқылы жерлеріңнен шығаруды және үлгілі жолдарыңды жоюды қалайды

Choose other languages: