Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #62 Translated in Kazakh

فَلَنَأْتِيَنَّكَ بِسِحْرٍ مِثْلِهِ فَاجْعَلْ بَيْنَنَا وَبَيْنَكَ مَوْعِدًا لَا نُخْلِفُهُ نَحْنُ وَلَا أَنْتَ مَكَانًا سُوًى
Біз де саған, міндетті түрде осы секілді сиқыр әкелеміз. Бізбен өзіңнің аранда бір уәделі мерзім белгіле. Одан біз де, сен де айнымайтын болайық. Ол ашық бір жер болсын», -деді
قَالَ مَوْعِدُكُمْ يَوْمُ الزِّينَةِ وَأَنْ يُحْشَرَ النَّاسُ ضُحًى
Мұса : «Сендермен уәделі мерзім мереке күні болсын . Әрі адамдар сәске мезгілінде жиналсын»,- деді
فَتَوَلَّىٰ فِرْعَوْنُ فَجَمَعَ كَيْدَهُ ثُمَّ أَتَىٰ
Сөйтіп, Фиръаун қайтып кетті де, кейін өзінің қулық-сұмдығын сиқыршыларын жиып келді
قَالَ لَهُمْ مُوسَىٰ وَيْلَكُمْ لَا تَفْتَرُوا عَلَى اللَّهِ كَذِبًا فَيُسْحِتَكُمْ بِعَذَابٍ ۖ وَقَدْ خَابَ مَنِ افْتَرَىٰ
Мұса оларға: «Ей, сорың құрғырлар! Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырмаңдар. Әйтпесе Ол сендерді азаппен жойып жібереді. Кім ойдан өтірікті құрастырса, ол зиянға ұшырайды», деді
فَتَنَازَعُوا أَمْرَهُمْ بَيْنَهُمْ وَأَسَرُّوا النَّجْوَىٰ
Сонда олар сиқыршылар бұл іс жайлы тартысып, сөздерін құпия қалдырды

Choose other languages: