Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #45 Translated in Kazakh

قَالُوا سُبْحَانَكَ أَنْتَ وَلِيُّنَا مِنْ دُونِهِمْ ۖ بَلْ كَانُوا يَعْبُدُونَ الْجِنَّ ۖ أَكْثَرُهُمْ بِهِمْ مُؤْمِنُونَ
Періштелер : «Сен барлық кемшіліктен пәксің! Біздің қамқоршымыз олар емес, Сенсің. Негізінде, олар жындарға табынатын, олардың көбі соларға сенуші еді», дейді
فَالْيَوْمَ لَا يَمْلِكُ بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ نَفْعًا وَلَا ضَرًّا وَنَقُولُ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا ذُوقُوا عَذَابَ النَّارِ الَّتِي كُنْتُمْ بِهَا تُكَذِّبُونَ
Ол күні сендер бір-бірлеріңе не пайда, не зиян келтіре алмайсыңдар. Біз әділетсіздерге: «Өздерің өтірік деп есептеген Оттың азабын татыңдар», дейміз
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالُوا مَا هَٰذَا إِلَّا رَجُلٌ يُرِيدُ أَنْ يَصُدَّكُمْ عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُكُمْ وَقَالُوا مَا هَٰذَا إِلَّا إِفْكٌ مُفْتَرًى ۚ وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُمْ إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُبِينٌ
Ал оларға мүшріктерге анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», деді. Әрі олар: «Бұл бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер сенбегендер : «Бұл анық сиқыр ғана», деді
وَمَا آتَيْنَاهُمْ مِنْ كُتُبٍ يَدْرُسُونَهَا ۖ وَمَا أَرْسَلْنَا إِلَيْهِمْ قَبْلَكَ مِنْ نَذِيرٍ
Біз оларға араб мүшріктеріне өздері оқып-үйренетін кітаптар бермедік әрі оларға сенен бұрын ескертуші де жібермедік
وَكَذَّبَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ وَمَا بَلَغُوا مِعْشَارَ مَا آتَيْنَاهُمْ فَكَذَّبُوا رُسُلِي ۖ فَكَيْفَ كَانَ نَكِيرِ
Олардан бұрын өткендер де елшілерді жалғанға шығарды. Бұлар Мекке мүшріктері оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Ал олар сонда да елшілерімді жалғанға шығарды. Сонда Менің қаһарым жазам қалай болды

Choose other languages: