Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #14 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ آتَيْنَا دَاوُودَ مِنَّا فَضْلًا ۖ يَا جِبَالُ أَوِّبِي مَعَهُ وَالطَّيْرَ ۖ وَأَلَنَّا لَهُ الْحَدِيدَ
Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен Дәуітпен бірге жаңғырық беріп Аллаһты дәріптеуін қайталаңдар. Ей, құстар сендер де қайталаңдар» дедік. Әрі оған темірді жұмсартып
أَنِ اعْمَلْ سَابِغَاتٍ وَقَدِّرْ فِي السَّرْدِ ۖ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
«Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін шығыршықтарын мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік
وَلِسُلَيْمَانَ الرِّيحَ غُدُوُّهَا شَهْرٌ وَرَوَاحُهَا شَهْرٌ ۖ وَأَسَلْنَا لَهُ عَيْنَ الْقِطْرِ ۖ وَمِنَ الْجِنِّ مَنْ يَعْمَلُ بَيْنَ يَدَيْهِ بِإِذْنِ رَبِّهِ ۖ وَمَنْ يَزِغْ مِنْهُمْ عَنْ أَمْرِنَا نُذِقْهُ مِنْ عَذَابِ السَّعِيرِ
Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді бағындырдық . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз
يَعْمَلُونَ لَهُ مَا يَشَاءُ مِنْ مَحَارِيبَ وَتَمَاثِيلَ وَجِفَانٍ كَالْجَوَابِ وَقُدُورٍ رَاسِيَاتٍ ۚ اعْمَلُوا آلَ دَاوُودَ شُكْرًا ۚ وَقَلِيلٌ مِنْ عِبَادِيَ الشَّكُورُ
Олар оған, ол қалаған құрылыстарды сарайлар мен мешіттерді, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші
فَلَمَّا قَضَيْنَا عَلَيْهِ الْمَوْتَ مَا دَلَّهُمْ عَلَىٰ مَوْتِهِ إِلَّا دَابَّةُ الْأَرْضِ تَأْكُلُ مِنْسَأَتَهُ ۖ فَلَمَّا خَرَّ تَبَيَّنَتِ الْجِنُّ أَنْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ الْغَيْبَ مَا لَبِثُوا فِي الْعَذَابِ الْمُهِينِ
Біз оған Сүлейменге өлімді үкім еткен кезімізде, Оларға оның қайтыс болғанын таяғын жеген жәндіктен құрттан басқа ешнәрсе хабар бермеді. Ол құлаған кезде, жындар егер өздері құпияны ғайыпты білгендерінде, онда мұндай қорлаушы азапта қалмаған боларын түсінді

Choose other languages: