Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #16 Translated in Kazakh

وَلِسُلَيْمَانَ الرِّيحَ غُدُوُّهَا شَهْرٌ وَرَوَاحُهَا شَهْرٌ ۖ وَأَسَلْنَا لَهُ عَيْنَ الْقِطْرِ ۖ وَمِنَ الْجِنِّ مَنْ يَعْمَلُ بَيْنَ يَدَيْهِ بِإِذْنِ رَبِّهِ ۖ وَمَنْ يَزِغْ مِنْهُمْ عَنْ أَمْرِنَا نُذِقْهُ مِنْ عَذَابِ السَّعِيرِ
Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді бағындырдық . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз
يَعْمَلُونَ لَهُ مَا يَشَاءُ مِنْ مَحَارِيبَ وَتَمَاثِيلَ وَجِفَانٍ كَالْجَوَابِ وَقُدُورٍ رَاسِيَاتٍ ۚ اعْمَلُوا آلَ دَاوُودَ شُكْرًا ۚ وَقَلِيلٌ مِنْ عِبَادِيَ الشَّكُورُ
Олар оған, ол қалаған құрылыстарды сарайлар мен мешіттерді, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші
فَلَمَّا قَضَيْنَا عَلَيْهِ الْمَوْتَ مَا دَلَّهُمْ عَلَىٰ مَوْتِهِ إِلَّا دَابَّةُ الْأَرْضِ تَأْكُلُ مِنْسَأَتَهُ ۖ فَلَمَّا خَرَّ تَبَيَّنَتِ الْجِنُّ أَنْ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ الْغَيْبَ مَا لَبِثُوا فِي الْعَذَابِ الْمُهِينِ
Біз оған Сүлейменге өлімді үкім еткен кезімізде, Оларға оның қайтыс болғанын таяғын жеген жәндіктен құрттан басқа ешнәрсе хабар бермеді. Ол құлаған кезде, жындар егер өздері құпияны ғайыпты білгендерінде, онда мұндай қорлаушы азапта қалмаған боларын түсінді
لَقَدْ كَانَ لِسَبَإٍ فِي مَسْكَنِهِمْ آيَةٌ ۖ جَنَّتَانِ عَنْ يَمِينٍ وَشِمَالٍ ۖ كُلُوا مِنْ رِزْقِ رَبِّكُمْ وَاشْكُرُوا لَهُ ۚ بَلْدَةٌ طَيِّبَةٌ وَرَبٌّ غَفُورٌ
Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі нышан оң жақ және сол жақтарында орналасқан екі бағы бар еді. Оларға : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», делінген еді
فَأَعْرَضُوا فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ سَيْلَ الْعَرِمِ وَبَدَّلْنَاهُمْ بِجَنَّتَيْهِمْ جَنَّتَيْنِ ذَوَاتَيْ أُكُلٍ خَمْطٍ وَأَثْلٍ وَشَيْءٍ مِنْ سِدْرٍ قَلِيلٍ
Алайда олар шүкірсіздік етіп, құлшылықтан теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі аз ғана сидры тікенекті ағашы бар екі бақпен алмастырдық

Choose other languages: