Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #68 Translated in Kazakh

وَيَا قَوْمِ هَٰذِهِ نَاقَةُ اللَّهِ لَكُمْ آيَةً فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِي أَرْضِ اللَّهِ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابٌ قَرِيبٌ
Әй, елім! Мынау Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір мұғжиза-белгі. Ол Аллаһтың жерінде жайылып жүрсін, оны жайына қалдырыңдар. Оған жамандық істеп, тиіспеңдер. Әйтпесе, сендерге жақын тұрған азап тиеді», деді
فَعَقَرُوهَا فَقَالَ تَمَتَّعُوا فِي دَارِكُمْ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ ۖ ذَٰلِكَ وَعْدٌ غَيْرُ مَكْذُوبٍ
Олар оның сіңірін кесіп тастады өлтірді . Салих: «тұрақтарыңда үш күн рахаттана тұрыңдар. бұл жалған болмаған бір уәде», деді
فَلَمَّا جَاءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا صَالِحًا وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ بِرَحْمَةٍ مِنَّا وَمِنْ خِزْيِ يَوْمِئِذٍ ۗ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ الْقَوِيُّ الْعَزِيزُ
Әміріміз келген кезде, Салихты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі сол күннің қорлығынан да. Ақиқатында Раббың бәрінен Күшті, өте Үстем
وَأَخَذَ الَّذِينَ ظَلَمُوا الصَّيْحَةُ فَأَصْبَحُوا فِي دِيَارِهِمْ جَاثِمِينَ
Әділетсіздік еткендерді бір сайха алып, олар үйлерінде етпеттеген бетін жерге қаратып өлген күйі қалды
كَأَنْ لَمْ يَغْنَوْا فِيهَا ۗ أَلَا إِنَّ ثَمُودَ كَفَرُوا رَبَّهُمْ ۗ أَلَا بُعْدًا لِثَمُودَ
Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Біліңдер! Сәмүд елі Раббысына күпірлік етті иманға келуден бас тартты . Сәмүдтықтар Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын

Choose other languages: