Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #71 Translated in Kazakh

وَأَخَذَ الَّذِينَ ظَلَمُوا الصَّيْحَةُ فَأَصْبَحُوا فِي دِيَارِهِمْ جَاثِمِينَ
Әділетсіздік еткендерді бір сайха алып, олар үйлерінде етпеттеген бетін жерге қаратып өлген күйі қалды
كَأَنْ لَمْ يَغْنَوْا فِيهَا ۗ أَلَا إِنَّ ثَمُودَ كَفَرُوا رَبَّهُمْ ۗ أَلَا بُعْدًا لِثَمُودَ
Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Біліңдер! Сәмүд елі Раббысына күпірлік етті иманға келуден бас тартты . Сәмүдтықтар Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын
وَلَقَدْ جَاءَتْ رُسُلُنَا إِبْرَاهِيمَ بِالْبُشْرَىٰ قَالُوا سَلَامًا ۖ قَالَ سَلَامٌ ۖ فَمَا لَبِثَ أَنْ جَاءَ بِعِجْلٍ حَنِيذٍ
Біздің елшілеріміз Ибраһимге хош хабармен келді. Олар: «Сәлем» амандық болсын , деді. Ол да: «Сәлем» амандық болсын , деді. Сөйтіп, ол көп күттірмей, отқа қыздырылып пісірілген бұзауды әкелді
فَلَمَّا رَأَىٰ أَيْدِيَهُمْ لَا تَصِلُ إِلَيْهِ نَكِرَهُمْ وَأَوْجَسَ مِنْهُمْ خِيفَةً ۚ قَالُوا لَا تَخَفْ إِنَّا أُرْسِلْنَا إِلَىٰ قَوْمِ لُوطٍ
Олардың тамаққа қолдарын созбағанын көріп, оларды жатырқап, қауіптеніп қалды. Олар: «Қорықпа! Негізінде, біз Лұттың еліне жіберілгенбіз», деді
وَامْرَأَتُهُ قَائِمَةٌ فَضَحِكَتْ فَبَشَّرْنَاهَا بِإِسْحَاقَ وَمِنْ وَرَاءِ إِسْحَاقَ يَعْقُوبَ
Оның Ибраһимнің сол жерде тұрған әйелі күліп жіберді. Біз оны Исхақпен және Исхақтың артынан Яғқұппен сүйіншіледік

Choose other languages: