Surah Az-Zamar Ayahs #11 Translated in Kazakh
إِنْ تَكْفُرُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَنِيٌّ عَنْكُمْ ۖ وَلَا يَرْضَىٰ لِعِبَادِهِ الْكُفْرَ ۖ وَإِنْ تَشْكُرُوا يَرْضَهُ لَكُمْ ۗ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةٌ وِزْرَ أُخْرَىٰ ۗ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمْ مَرْجِعُكُمْ فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ ۚ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Егер күпірлік етсеңдер бір Аллаһқақұлшылық етпесеңдер , Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының күпірліктеріне берілген игіліктерін мойындамауларына риза болмайды. Ал, шүкір етсеңдер Оның берген игіліктеріне алғыс білдірсеңдер , онда Ол сендерге разы болады. Ешбір көтеруші күнә істеуші басқа біреудің жүгін күнәсін көтермейді. Кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді. Ақиқатында, Ол кеуделердегіні жүректердегіні жақсы Білуші
وَإِذَا مَسَّ الْإِنْسَانَ ضُرٌّ دَعَا رَبَّهُ مُنِيبًا إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَا خَوَّلَهُ نِعْمَةً مِنْهُ نَسِيَ مَا كَانَ يَدْعُو إِلَيْهِ مِنْ قَبْلُ وَجَعَلَ لِلَّهِ أَنْدَادًا لِيُضِلَّ عَنْ سَبِيلِهِ ۚ قُلْ تَمَتَّعْ بِكُفْرِكَ قَلِيلًا ۖ إِنَّكَ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ
Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, Оны көмекке шақырады. Содан кейін оған зиянын кетіріп Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын жалбарынғанын ұмытады әрі Аллаһтың жолынан өзгелерді адастыру үшін Оған теңдестер таңады. Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен қарсы келуіңмен пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен Отқа түсетіндерденсің»,- деп
أَمَّنْ هُوَ قَانِتٌ آنَاءَ اللَّيْلِ سَاجِدًا وَقَائِمًا يَحْذَرُ الْآخِرَةَ وَيَرْجُو رَحْمَةَ رَبِّهِ ۗ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ ۗ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَابِ
Әлде түннің бір уақыттарында сәжде ете әрі тік тұрып намаз оқып , ақиреттен сақтана және Раббысының мейірімін үміт ете берілуші ме? Ей, Мұхаммед! Айт: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» деп. Негізінде ақыл иелері ғана естеріне алады
قُلْ يَا عِبَادِ الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا رَبَّكُمْ ۚ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا فِي هَٰذِهِ الدُّنْيَا حَسَنَةٌ ۗ وَأَرْضُ اللَّهِ وَاسِعَةٌ ۗ إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُمْ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Айт! Оларға Раббыңның : «Ей, Менің иманға келген құлдарым! Өздеріңнің Раббыңнан Оныңжазасынан қорқып, сақтаныңдар тақуалық етіңдер ! бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Ал, Аллаһтың жері кең. Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары есепсіз», дегенін
قُلْ إِنِّي أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّهَ مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ
Айт: «Маған дінді түрлі қоспалардан серік қосудан, риядан тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық ету бұйырылды
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
