Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #12 Translated in Kazakh

وَإِذَا مَسَّ الْإِنْسَانَ ضُرٌّ دَعَا رَبَّهُ مُنِيبًا إِلَيْهِ ثُمَّ إِذَا خَوَّلَهُ نِعْمَةً مِنْهُ نَسِيَ مَا كَانَ يَدْعُو إِلَيْهِ مِنْ قَبْلُ وَجَعَلَ لِلَّهِ أَنْدَادًا لِيُضِلَّ عَنْ سَبِيلِهِ ۚ قُلْ تَمَتَّعْ بِكُفْرِكَ قَلِيلًا ۖ إِنَّكَ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ
Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, Оны көмекке шақырады. Содан кейін оған зиянын кетіріп Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын жалбарынғанын ұмытады әрі Аллаһтың жолынан өзгелерді адастыру үшін Оған теңдестер таңады. Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен қарсы келуіңмен пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен Отқа түсетіндерденсің»,- деп
أَمَّنْ هُوَ قَانِتٌ آنَاءَ اللَّيْلِ سَاجِدًا وَقَائِمًا يَحْذَرُ الْآخِرَةَ وَيَرْجُو رَحْمَةَ رَبِّهِ ۗ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ ۗ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَابِ
Әлде түннің бір уақыттарында сәжде ете әрі тік тұрып намаз оқып , ақиреттен сақтана және Раббысының мейірімін үміт ете берілуші ме? Ей, Мұхаммед! Айт: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» деп. Негізінде ақыл иелері ғана естеріне алады
قُلْ يَا عِبَادِ الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا رَبَّكُمْ ۚ لِلَّذِينَ أَحْسَنُوا فِي هَٰذِهِ الدُّنْيَا حَسَنَةٌ ۗ وَأَرْضُ اللَّهِ وَاسِعَةٌ ۗ إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُمْ بِغَيْرِ حِسَابٍ
Айт! Оларға Раббыңның : «Ей, Менің иманға келген құлдарым! Өздеріңнің Раббыңнан Оныңжазасынан қорқып, сақтаныңдар тақуалық етіңдер ! бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Ал, Аллаһтың жері кең. Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары есепсіз», дегенін
قُلْ إِنِّي أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ اللَّهَ مُخْلِصًا لَهُ الدِّينَ
Айт: «Маған дінді түрлі қоспалардан серік қосудан, риядан тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық ету бұйырылды
وَأُمِرْتُ لِأَنْ أَكُونَ أَوَّلَ الْمُسْلِمِينَ
Әрі маған мұсылмандардың бойсұнушылардың алды болуым бұйырылды», деп

Choose other languages: