Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #67 Translated in Kazakh

أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّهُ مَنْ يُحَادِدِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَأَنَّ لَهُ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدًا فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْخِزْيُ الْعَظِيمُ
Олар Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгенге, ішінде мәңгі қалатын Жаһаннам оты бар екенін білмей ме? Міне, осы өте үлкен қорлық
يَحْذَرُ الْمُنَافِقُونَ أَنْ تُنَزَّلَ عَلَيْهِمْ سُورَةٌ تُنَبِّئُهُمْ بِمَا فِي قُلُوبِهِمْ ۚ قُلِ اسْتَهْزِئُوا إِنَّ اللَّهَ مُخْرِجٌ مَا تَحْذَرُونَ
Мұнафиқтар өздеріне қатысты, жүректеріндегіні хабарлайтын бір сүренің түсірілуінен қауіптенеді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Келеке ете тұрыңдар. Негізінде, Аллаһ сендердің қауіп етіп жүргендеріңді сыртқа шығарушы», деп
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ لَيَقُولُنَّ إِنَّمَا كُنَّا نَخُوضُ وَنَلْعَبُ ۚ قُلْ أَبِاللَّهِ وَآيَاتِهِ وَرَسُولِهِ كُنْتُمْ تَسْتَهْزِئُونَ
Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге батып, ойнадық», дейді. Оларға: «Аллаһты, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме
لَا تَعْتَذِرُوا قَدْ كَفَرْتُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ ۚ إِنْ نَعْفُ عَنْ طَائِفَةٍ مِنْكُمْ نُعَذِّبْ طَائِفَةً بِأَنَّهُمْ كَانُوا مُجْرِمِينَ
Ақталмай-ақ қойыңдар. Сендер иманға келгеннен кейін күпірлік келтірдіңдер діннен шықтыңдар . Егер Біз сендерден бір топты кешірсек, бір топты қылмыске болғандары үшін азаптаймыз», деп айт
الْمُنَافِقُونَ وَالْمُنَافِقَاتُ بَعْضُهُمْ مِنْ بَعْضٍ ۚ يَأْمُرُونَ بِالْمُنْكَرِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمَعْرُوفِ وَيَقْبِضُونَ أَيْدِيَهُمْ ۚ نَسُوا اللَّهَ فَنَسِيَهُمْ ۗ إِنَّ الْمُنَافِقِينَ هُمُ الْفَاسِقُونَ
Мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдер бір-бірінен. Олар айыпталғанға бұйырып, құпталғаннан қайтарады және қолдарын жұмып алады сараңдық етеді . Олар Аллаһты ұмытты, сондықтан Ол да оларды ұмытты тастады . Анығында, мұнафиқтар нағыз бұзықтар бойсұнбаушылар

Choose other languages: