Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #66 Translated in Kazakh

يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ لِيُرْضُوكُمْ وَاللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَقُّ أَنْ يُرْضُوهُ إِنْ كَانُوا مُؤْمِنِينَ
Олар мұнафиқтар сендерді разы қылу үшін Аллаһпен ант ішеді. Егер олар иманды мүмін болған болса, Аллаһ және Оның Елшісі, олардың разы етулеріне көбірек құқылы
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّهُ مَنْ يُحَادِدِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَأَنَّ لَهُ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدًا فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْخِزْيُ الْعَظِيمُ
Олар Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгенге, ішінде мәңгі қалатын Жаһаннам оты бар екенін білмей ме? Міне, осы өте үлкен қорлық
يَحْذَرُ الْمُنَافِقُونَ أَنْ تُنَزَّلَ عَلَيْهِمْ سُورَةٌ تُنَبِّئُهُمْ بِمَا فِي قُلُوبِهِمْ ۚ قُلِ اسْتَهْزِئُوا إِنَّ اللَّهَ مُخْرِجٌ مَا تَحْذَرُونَ
Мұнафиқтар өздеріне қатысты, жүректеріндегіні хабарлайтын бір сүренің түсірілуінен қауіптенеді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Келеке ете тұрыңдар. Негізінде, Аллаһ сендердің қауіп етіп жүргендеріңді сыртқа шығарушы», деп
وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ لَيَقُولُنَّ إِنَّمَا كُنَّا نَخُوضُ وَنَلْعَبُ ۚ قُلْ أَبِاللَّهِ وَآيَاتِهِ وَرَسُولِهِ كُنْتُمْ تَسْتَهْزِئُونَ
Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге батып, ойнадық», дейді. Оларға: «Аллаһты, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме
لَا تَعْتَذِرُوا قَدْ كَفَرْتُمْ بَعْدَ إِيمَانِكُمْ ۚ إِنْ نَعْفُ عَنْ طَائِفَةٍ مِنْكُمْ نُعَذِّبْ طَائِفَةً بِأَنَّهُمْ كَانُوا مُجْرِمِينَ
Ақталмай-ақ қойыңдар. Сендер иманға келгеннен кейін күпірлік келтірдіңдер діннен шықтыңдар . Егер Біз сендерден бір топты кешірсек, бір топты қылмыске болғандары үшін азаптаймыз», деп айт

Choose other languages: