Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #45 Translated in Kazakh

أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يُسَبِّحُ لَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالطَّيْرُ صَافَّاتٍ ۖ كُلٌّ قَدْ عَلِمَ صَلَاتَهُ وَتَسْبِيحَهُ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِمَا يَفْعَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Аспандардағы және жердегі әрбіреудің әрі қанаттарын жайған құстардың да Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейтінін көрмейсің бе? Олардың әрқайсысы өздеріне тән намазы мен дәріптеуін құлшылықтарын біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші
وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَإِلَى اللَّهِ الْمَصِيرُ
Әрі аспандардың, жердің билігі Аллаһта. Және қайта оралу да Аллаһқа
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يُزْجِي سَحَابًا ثُمَّ يُؤَلِّفُ بَيْنَهُ ثُمَّ يَجْعَلُهُ رُكَامًا فَتَرَى الْوَدْقَ يَخْرُجُ مِنْ خِلَالِهِ وَيُنَزِّلُ مِنَ السَّمَاءِ مِنْ جِبَالٍ فِيهَا مِنْ بَرَدٍ فَيُصِيبُ بِهِ مَنْ يَشَاءُ وَيَصْرِفُهُ عَنْ مَنْ يَشَاءُ ۖ يَكَادُ سَنَا بَرْقِهِ يَذْهَبُ بِالْأَبْصَارِ
Сен Аллаһтың бұлттарды айдап, кейін оны біріктіретінін, содан кейін оны жинап, қабаттастырып топтағанын көрмедің бе? Сөйтіп, оның арасынан жаңбыр шыққанын көресің. Әрі Ол Аллаһ аспаннан бұршағы бар тауларды бұлттарды түсіріп, оның зиянын қалағанына тигізеді де қалағанынан бұрып қояды. Оның найзағайының жарқылы көздерді ала жаздайды
يُقَلِّبُ اللَّهُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِأُولِي الْأَبْصَارِ
Аллаһ түн мен күндізді ауыстырып тұрады. Ақиқатында мұнда көре алатындар үшін ғибрат бар
وَاللَّهُ خَلَقَ كُلَّ دَابَّةٍ مِنْ مَاءٍ ۖ فَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَىٰ بَطْنِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَىٰ رِجْلَيْنِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَىٰ أَرْبَعٍ ۚ يَخْلُقُ اللَّهُ مَا يَشَاءُ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аллаһ барлық жаны барды тіршілік иесін судан жаратты. Олардың ішінде бауырымен жорғалайтындар бар әрі олардың ішінде екі аяқпен жүретіндер бар және олардың ішінде төртеумен төрт аяқтап жүретіндер бар. Аллаһ қалағанын жаратады. Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге Құдіретті

Choose other languages: