Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #90 Translated in Kazakh

وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ حَسِيبًا
Қашан сендерге қандай да бір амандасу сөзімен сәлем берілсе, сендер одан жақсысымен жауап беріңдер немесе сол сәлемнің өзін қайтарыңдар. Анығында, Аллаһ әрбір нәрсенің есебін алушы
اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ لَيَجْمَعَنَّكُمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۗ وَمَنْ أَصْدَقُ مِنَ اللَّهِ حَدِيثًا
Аллаһ Одан басқа құдай жоқ. Ол сендерді Қайта тірілу күніне міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Аллаһтан артық тура сөзді кім бар
فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ وَاللَّهُ أَرْكَسَهُمْ بِمَا كَسَبُوا ۚ أَتُرِيدُونَ أَنْ تَهْدُوا مَنْ أَضَلَّ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ سَبِيلًا
Мұнафиқтарға қатысты екіге бөлінетіндей, сендерге не болды? Істеген істері үшін Аллаһ оларды арттарына кәпірлікке қайтарды. Аллаһ адастырған біреуді тура жолға салғыларың келе ме? Аллаһ біреуді адастырса, ол үшін ешқашан жол таба алмайсың
وَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ كَمَا كَفَرُوا فَتَكُونُونَ سَوَاءً ۖ فَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ أَوْلِيَاءَ حَتَّىٰ يُهَاجِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ وَجَدْتُمُوهُمْ ۖ وَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Олар мұнафиқтар өздері күпірлік еткендей жүректерінде иманды теріске шығарғандай , сендердің де күпірлік еткендеріңді имансыздыққақайтуларыңды!, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды. Сондықтан, олар Аллаһ жолында қоныс аудармайынша, олардан ешкімді дос тұтпаңдар. Ал, егер олар бет бұрса, оларды ұстандар және тапқан жерлеріңдеөлтіріңдер. Әрі олардан дос та, жәрдемші де алмаңдар
إِلَّا الَّذِينَ يَصِلُونَ إِلَىٰ قَوْمٍ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ مِيثَاقٌ أَوْ جَاءُوكُمْ حَصِرَتْ صُدُورُهُمْ أَنْ يُقَاتِلُوكُمْ أَوْ يُقَاتِلُوا قَوْمَهُمْ ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَسَلَّطَهُمْ عَلَيْكُمْ فَلَقَاتَلُوكُمْ ۚ فَإِنِ اعْتَزَلُوكُمْ فَلَمْ يُقَاتِلُوكُمْ وَأَلْقَوْا إِلَيْكُمُ السَّلَمَ فَمَا جَعَلَ اللَّهُ لَكُمْ عَلَيْهِمْ سَبِيلًا
Бірақ, сендермен араларында келісім болған бір елге қосылғандар немесе сендермен де, өз қауымдарымен де соғысуға жүректері тарылып, сендерге келгендердің жөні бөлек. Егер Аллаһ қалағанда, оларды сендерден үстем етер еді, сөйтіп олар өздеріңмен соғысар еді. Ал, егер олар сендерді жөндеріңе қойып, соғыс-паса және сендерге бейбіт келісім ұсынса, онда Аллаһ сендерге, оларға қарсы бір жол қоймайды рұқсат бермейді

Choose other languages: