Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #89 Translated in Kazakh

مَنْ يَشْفَعْ شَفَاعَةً حَسَنَةً يَكُنْ لَهُ نَصِيبٌ مِنْهَا ۖ وَمَنْ يَشْفَعْ شَفَاعَةً سَيِّئَةً يَكُنْ لَهُ كِفْلٌ مِنْهَا ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ مُقِيتًا
Кім жақсылықпен араға түссе, содан оған игі үлес бар. Ал, кім жамандықпен араға түссе, содан оған жаман үлес бар. Аллаһ барлық нәрсені Бақылаушы
وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ حَسِيبًا
Қашан сендерге қандай да бір амандасу сөзімен сәлем берілсе, сендер одан жақсысымен жауап беріңдер немесе сол сәлемнің өзін қайтарыңдар. Анығында, Аллаһ әрбір нәрсенің есебін алушы
اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ لَيَجْمَعَنَّكُمْ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ لَا رَيْبَ فِيهِ ۗ وَمَنْ أَصْدَقُ مِنَ اللَّهِ حَدِيثًا
Аллаһ Одан басқа құдай жоқ. Ол сендерді Қайта тірілу күніне міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Аллаһтан артық тура сөзді кім бар
فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ وَاللَّهُ أَرْكَسَهُمْ بِمَا كَسَبُوا ۚ أَتُرِيدُونَ أَنْ تَهْدُوا مَنْ أَضَلَّ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ سَبِيلًا
Мұнафиқтарға қатысты екіге бөлінетіндей, сендерге не болды? Істеген істері үшін Аллаһ оларды арттарына кәпірлікке қайтарды. Аллаһ адастырған біреуді тура жолға салғыларың келе ме? Аллаһ біреуді адастырса, ол үшін ешқашан жол таба алмайсың
وَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ كَمَا كَفَرُوا فَتَكُونُونَ سَوَاءً ۖ فَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ أَوْلِيَاءَ حَتَّىٰ يُهَاجِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ وَجَدْتُمُوهُمْ ۖ وَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Олар мұнафиқтар өздері күпірлік еткендей жүректерінде иманды теріске шығарғандай , сендердің де күпірлік еткендеріңді имансыздыққақайтуларыңды!, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды. Сондықтан, олар Аллаһ жолында қоныс аудармайынша, олардан ешкімді дос тұтпаңдар. Ал, егер олар бет бұрса, оларды ұстандар және тапқан жерлеріңдеөлтіріңдер. Әрі олардан дос та, жәрдемші де алмаңдар

Choose other languages: