Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #92 Translated in Kazakh

فَمَا لَكُمْ فِي الْمُنَافِقِينَ فِئَتَيْنِ وَاللَّهُ أَرْكَسَهُمْ بِمَا كَسَبُوا ۚ أَتُرِيدُونَ أَنْ تَهْدُوا مَنْ أَضَلَّ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ سَبِيلًا
Мұнафиқтарға қатысты екіге бөлінетіндей, сендерге не болды? Істеген істері үшін Аллаһ оларды арттарына кәпірлікке қайтарды. Аллаһ адастырған біреуді тура жолға салғыларың келе ме? Аллаһ біреуді адастырса, ол үшін ешқашан жол таба алмайсың
وَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ كَمَا كَفَرُوا فَتَكُونُونَ سَوَاءً ۖ فَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ أَوْلِيَاءَ حَتَّىٰ يُهَاجِرُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ وَجَدْتُمُوهُمْ ۖ وَلَا تَتَّخِذُوا مِنْهُمْ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Олар мұнафиқтар өздері күпірлік еткендей жүректерінде иманды теріске шығарғандай , сендердің де күпірлік еткендеріңді имансыздыққақайтуларыңды!, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды. Сондықтан, олар Аллаһ жолында қоныс аудармайынша, олардан ешкімді дос тұтпаңдар. Ал, егер олар бет бұрса, оларды ұстандар және тапқан жерлеріңдеөлтіріңдер. Әрі олардан дос та, жәрдемші де алмаңдар
إِلَّا الَّذِينَ يَصِلُونَ إِلَىٰ قَوْمٍ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ مِيثَاقٌ أَوْ جَاءُوكُمْ حَصِرَتْ صُدُورُهُمْ أَنْ يُقَاتِلُوكُمْ أَوْ يُقَاتِلُوا قَوْمَهُمْ ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَسَلَّطَهُمْ عَلَيْكُمْ فَلَقَاتَلُوكُمْ ۚ فَإِنِ اعْتَزَلُوكُمْ فَلَمْ يُقَاتِلُوكُمْ وَأَلْقَوْا إِلَيْكُمُ السَّلَمَ فَمَا جَعَلَ اللَّهُ لَكُمْ عَلَيْهِمْ سَبِيلًا
Бірақ, сендермен араларында келісім болған бір елге қосылғандар немесе сендермен де, өз қауымдарымен де соғысуға жүректері тарылып, сендерге келгендердің жөні бөлек. Егер Аллаһ қалағанда, оларды сендерден үстем етер еді, сөйтіп олар өздеріңмен соғысар еді. Ал, егер олар сендерді жөндеріңе қойып, соғыс-паса және сендерге бейбіт келісім ұсынса, онда Аллаһ сендерге, оларға қарсы бір жол қоймайды рұқсат бермейді
سَتَجِدُونَ آخَرِينَ يُرِيدُونَ أَنْ يَأْمَنُوكُمْ وَيَأْمَنُوا قَوْمَهُمْ كُلَّ مَا رُدُّوا إِلَى الْفِتْنَةِ أُرْكِسُوا فِيهَا ۚ فَإِنْ لَمْ يَعْتَزِلُوكُمْ وَيُلْقُوا إِلَيْكُمُ السَّلَمَ وَيَكُفُّوا أَيْدِيَهُمْ فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ ثَقِفْتُمُوهُمْ ۚ وَأُولَٰئِكُمْ جَعَلْنَا لَكُمْ عَلَيْهِمْ سُلْطَانًا مُبِينًا
Жақында сендер басқа біреулерін кездестіресіңдер. Олар сендерден де аман болуды әрі өз қауымдарынан да аман болуды қалайды. Қашан олар бүлікке қайтарылса, оған дендей түседі. Егер олар сендерді жайларыңа қалдырмаса, сендерге бейбіт келісім ұсынбаса және қолдарын тыймаса, оларды ұстаңдар да кездескен жерлерінде өлтіріңдер. Міне, осыларға қарсы сендерге анық дәлел кетірдік
وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ أَنْ يَقْتُلَ مُؤْمِنًا إِلَّا خَطَأً ۚ وَمَنْ قَتَلَ مُؤْمِنًا خَطَأً فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ وَدِيَةٌ مُسَلَّمَةٌ إِلَىٰ أَهْلِهِ إِلَّا أَنْ يَصَّدَّقُوا ۚ فَإِنْ كَانَ مِنْ قَوْمٍ عَدُوٍّ لَكُمْ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ ۖ وَإِنْ كَانَ مِنْ قَوْمٍ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ مِيثَاقٌ فَدِيَةٌ مُسَلَّمَةٌ إِلَىٰ أَهْلِهِ وَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ ۖ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ تَوْبَةً مِنَ اللَّهِ ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
Иманды жанның мүміннің иманды адамды мүмінді өлтіруіне болмайды, тек жаңсақтықпен болмаса. Кім иманды адамды қателесіп өлтіріп қойса, онда бір иманды құлды азат етуі және өлген кісінің туыстарына, олар кешпеген жағдайда, құн төлеуі тиіс . Егер ол сендермен жауласқан бір елдің ішіндегі иманды кісі болса, онда бір иманды құлды азат етуі керек. Ал, егер ол араларыңда келісім болған ел ішінен болса, онда оның туыстарына құн төлеу және бір иманды құлды азат етуі ләзім. Мұны таба алмаған кісі Аллаһ оның істеген күнәсіне шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етуі үшін екі ай бойы үздіксіз ораза ұстауы керек. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана

Choose other languages: