Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #82 Translated in Kazakh

أَيْنَمَا تَكُونُوا يُدْرِكْكُمُ الْمَوْتُ وَلَوْ كُنْتُمْ فِي بُرُوجٍ مُشَيَّدَةٍ ۗ وَإِنْ تُصِبْهُمْ حَسَنَةٌ يَقُولُوا هَٰذِهِ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۖ وَإِنْ تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌ يَقُولُوا هَٰذِهِ مِنْ عِنْدِكَ ۚ قُلْ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۖ فَمَالِ هَٰؤُلَاءِ الْقَوْمِ لَا يَكَادُونَ يَفْقَهُونَ حَدِيثًا
Қайда болсаңдар да өлім сендерді табады. Тіпті биік қамалдарда болсаңдар да. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «бұл Аллаһтан», дейді, ал егер, бір жамандық жетсе: «Бұл сенен», дейді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Бәрі де Аллаһтан», -деп. Бұл топ неге сөзді ұғуға жақындамайды
مَا أَصَابَكَ مِنْ حَسَنَةٍ فَمِنَ اللَّهِ ۖ وَمَا أَصَابَكَ مِنْ سَيِّئَةٍ فَمِنْ نَفْسِكَ ۚ وَأَرْسَلْنَاكَ لِلنَّاسِ رَسُولًا ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا
Ей, Мұхаммед! Саған жақсылықтан бір нәрсе келсе, ол Аллаһтан. Ал, жамандықтан бір нәрсе келсе, ол өзіңнен. Біз сені адамдарға Елші Расул етіпжібердік. Аллаһ куә ретінде жеткілікті
مَنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ ۖ وَمَنْ تَوَلَّىٰ فَمَا أَرْسَلْنَاكَ عَلَيْهِمْ حَفِيظًا
Кім Елшіге бағынса, онда Аллаһқа бағынған болады. Ей, Мұхаммед/ Ал кім бет бұрса, Біз сені оларға күзетуші етіп жібермедік
وَيَقُولُونَ طَاعَةٌ فَإِذَا بَرَزُوا مِنْ عِنْدِكَ بَيَّتَ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ غَيْرَ الَّذِي تَقُولُ ۖ وَاللَّهُ يَكْتُبُ مَا يُبَيِّتُونَ ۖ فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Олар мұнафиқтар : «Бойсұндық»,- деп айтады. Ал, қашан сенің қасыңнан кетсе, олардың бір тобы түнделетіп сенің айтқаныңнан басқаны ойластырады. Ал, Аллаһ олардың түнде ойластырғандарын жазады. Сондықтан олардан теріс бұрыл және Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет . Сенім артып, Оған ісіңді тапсыруға тәуекел етуге Аллаһ жеткілікті
أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ ۚ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِنْدِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُوا فِيهِ اخْتِلَافًا كَثِيرًا
Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол Құран Аллаһтан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді

Choose other languages: