Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #66 Translated in Kazakh

فَكَيْفَ إِذَا أَصَابَتْهُمْ مُصِيبَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ ثُمَّ جَاءُوكَ يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ إِنْ أَرَدْنَا إِلَّا إِحْسَانًا وَتَوْفِيقًا
Ал, оларға қолдары істегендерінің салдарынан, бастарына бір қиындық келгенде жағдайы қалай болады? Сонда олар саған келіп: «Біз бар болғаны жақсылық жасауды және келістіруді ғана қалап едік», деп, Аллаһпен ант ішеді
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يَعْلَمُ اللَّهُ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَعِظْهُمْ وَقُلْ لَهُمْ فِي أَنْفُسِهِمْ قَوْلًا بَلِيغًا
Ондайлардың жүректерінде не барын Аллаһ біледі. Сен олардан бет бүр өзіңді тарт әрі Оларға насихат ет және олардың өздеріне әсерлі сөз айт
وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلَّا لِيُطَاعَ بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَلَوْ أَنَّهُمْ إِذْ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ جَاءُوكَ فَاسْتَغْفَرُوا اللَّهَ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمُ الرَّسُولُ لَوَجَدُوا اللَّهَ تَوَّابًا رَحِيمًا
Әрі біз әрбір Елшіні Аллаһтың рұқсатымен, адамдардың оған бағынулары үшін ғана жібердік. Егер де олар адамдар өздеріне әділетсіздік еткен кезде, саған келіп Аллаһтан кешірім тілесе әрі Елші де олар үшін кешірім тілесе, олар Аллаһтың тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді екенін көретін еді
فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ حَتَّىٰ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لَا يَجِدُوا فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا
Жоқ! Ей, Мұхаммед! Раббыңмен ант етемін! Олар өзара дауларына сені үкім айтушы етіп, содан кейін шығарған шешіміңе көңілдерінде бір кірбің таппай, толық бойсұнғанға дейін иманға келмейді
وَلَوْ أَنَّا كَتَبْنَا عَلَيْهِمْ أَنِ اقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ أَوِ اخْرُجُوا مِنْ دِيَارِكُمْ مَا فَعَلُوهُ إِلَّا قَلِيلٌ مِنْهُمْ ۖ وَلَوْ أَنَّهُمْ فَعَلُوا مَا يُوعَظُونَ بِهِ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ وَأَشَدَّ تَثْبِيتًا
Егер де Біз оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер немесе жұрттарыңнан шығыңдар!» деп міндеттегенде, мұны олардың азырағынан басқасы орындамас еді. Олар өздеріне наси­хат етілгенді орындағанда, бұл өздері үшін қайырлы болып, оларды бекіте түсер еді

Choose other languages: