Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #57 Translated in Kazakh

أَمْ لَهُمْ نَصِيبٌ مِنَ الْمُلْكِ فَإِذًا لَا يُؤْتُونَ النَّاسَ نَقِيرًا
Әлде оларға биліктен қандай да бір үлес бар ма? Олай болғанда, олар адамдарға құрма дәнінің ойығындай да ешнәрсе бермес еді
أَمْ يَحْسُدُونَ النَّاسَ عَلَىٰ مَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ ۖ فَقَدْ آتَيْنَا آلَ إِبْرَاهِيمَ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَآتَيْنَاهُمْ مُلْكًا عَظِيمًا
Әлде олар Аллаһтың адамдарға Өз кеңшілігінен бергенін күндей ме? Ақиқатында, Біз Ибраһимнің әулетіне Кітап және даналықты бердік әрі оларға зор билік тарту еттік
فَمِنْهُمْ مَنْ آمَنَ بِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ صَدَّ عَنْهُ ۚ وَكَفَىٰ بِجَهَنَّمَ سَعِيرًا
Олардың Кітап түсірілгендердің! ішінде оған сенгені де бар және олардың ішінде одан бет бұрғандары да бар. Ал Жаһаннам (тозақ)/ кәпірлерге жалын ретінде жеткілікті
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِنَا سَوْفَ نُصْلِيهِمْ نَارًا كُلَّمَا نَضِجَتْ جُلُودُهُمْ بَدَّلْنَاهُمْ جُلُودًا غَيْرَهَا لِيَذُوقُوا الْعَذَابَ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَزِيزًا حَكِيمًا
Күмәнсіз, аяттарымызға күпірлік еткендерді қарсы шыққандарды, мойындамағандарды Отта тозақта жандырамыз. Олар азапты татулары үшін терілері күйіп піскен сайын, оны басқа теріге алмастырып отырамыз. Анығында, Аллаһ бәрінен Үстем ’Азиз , аса Дана Хаким
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ سَنُدْخِلُهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ لَهُمْ فِيهَا أَزْوَاجٌ مُطَهَّرَةٌ ۖ وَنُدْخِلُهُمْ ظِلًّا ظَلِيلًا
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ, Оларға онда тап-таза жұбайлар бар әрі оларды қалың көлеңкелі жайларға кіргіземіз

Choose other languages: