Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #56 Translated in Kazakh

أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ ۖ وَمَنْ يَلْعَنِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ نَصِيرًا
Міне, соларды Аллаһ лағнет еткен. Ал, Аллаһ кімді лағнеттесе, оған ешбір көмек беруші таба алмайсың
أَمْ لَهُمْ نَصِيبٌ مِنَ الْمُلْكِ فَإِذًا لَا يُؤْتُونَ النَّاسَ نَقِيرًا
Әлде оларға биліктен қандай да бір үлес бар ма? Олай болғанда, олар адамдарға құрма дәнінің ойығындай да ешнәрсе бермес еді
أَمْ يَحْسُدُونَ النَّاسَ عَلَىٰ مَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ ۖ فَقَدْ آتَيْنَا آلَ إِبْرَاهِيمَ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَآتَيْنَاهُمْ مُلْكًا عَظِيمًا
Әлде олар Аллаһтың адамдарға Өз кеңшілігінен бергенін күндей ме? Ақиқатында, Біз Ибраһимнің әулетіне Кітап және даналықты бердік әрі оларға зор билік тарту еттік
فَمِنْهُمْ مَنْ آمَنَ بِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ صَدَّ عَنْهُ ۚ وَكَفَىٰ بِجَهَنَّمَ سَعِيرًا
Олардың Кітап түсірілгендердің! ішінде оған сенгені де бар және олардың ішінде одан бет бұрғандары да бар. Ал Жаһаннам (тозақ)/ кәпірлерге жалын ретінде жеткілікті
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِنَا سَوْفَ نُصْلِيهِمْ نَارًا كُلَّمَا نَضِجَتْ جُلُودُهُمْ بَدَّلْنَاهُمْ جُلُودًا غَيْرَهَا لِيَذُوقُوا الْعَذَابَ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَزِيزًا حَكِيمًا
Күмәнсіз, аяттарымызға күпірлік еткендерді қарсы шыққандарды, мойындамағандарды Отта тозақта жандырамыз. Олар азапты татулары үшін терілері күйіп піскен сайын, оны басқа теріге алмастырып отырамыз. Анығында, Аллаһ бәрінен Үстем ’Азиз , аса Дана Хаким

Choose other languages: