Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #176 Translated in Kazakh

فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَيُوَفِّيهِمْ أُجُورَهُمْ وَيَزِيدُهُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۖ وَأَمَّا الَّذِينَ اسْتَنْكَفُوا وَاسْتَكْبَرُوا فَيُعَذِّبُهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا وَلَا يَجِدُونَ لَهُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарға Ол сыйларын толық береді әрі оларға Өз кеңшілігінен арттырады. Ал, бас тартып, өздерін жоғары санағандарды күйзелтуші азаппен азаптайды. Әрі олар өздері үшін Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды
يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءَكُمْ بُرْهَانٌ مِنْ رَبِّكُمْ وَأَنْزَلْنَا إِلَيْكُمْ نُورًا مُبِينًا
Ей, адамдар! Міне, сендерге Раббыңыздан бір дәлел келді. Әрі Біз сендерге анық бір Нұр Құран түсірдік
فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَاعْتَصَمُوا بِهِ فَسَيُدْخِلُهُمْ فِي رَحْمَةٍ مِنْهُ وَفَضْلٍ وَيَهْدِيهِمْ إِلَيْهِ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا
Ал, Аллаһқа сеніп, Одан берік ұстағандарды Ол, жақында Өзінен болған бір мейірімге әрі кеңшілікке бөлейді. Әрі оларды Өзіне қарай тура жолмен жүргізеді
يَسْتَفْتُونَكَ قُلِ اللَّهُ يُفْتِيكُمْ فِي الْكَلَالَةِ ۚ إِنِ امْرُؤٌ هَلَكَ لَيْسَ لَهُ وَلَدٌ وَلَهُ أُخْتٌ فَلَهَا نِصْفُ مَا تَرَكَ ۚ وَهُوَ يَرِثُهَا إِنْ لَمْ يَكُنْ لَهَا وَلَدٌ ۚ فَإِنْ كَانَتَا اثْنَتَيْنِ فَلَهُمَا الثُّلُثَانِ مِمَّا تَرَكَ ۚ وَإِنْ كَانُوا إِخْوَةً رِجَالًا وَنِسَاءً فَلِلذَّكَرِ مِثْلُ حَظِّ الْأُنْثَيَيْنِ ۗ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ أَنْ تَضِلُّوا ۗ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Олар сенен бір шешім жайлы сұрайды. Айт: «Аллаһ сендерге артында не ата-анасы, не балалары қалмаған марқұм жайында үкім береді. «Егер бір кісі қайтыс болып, оның баласы болмай, қыз туысы қарындасы болса, оған ол қалдырғанның тең жартысы тиісті. Ер кісі де, егер қыз туысы қайтыс болып баласы қалмаса, оған мирасқор болады. Ал, егер ер кісінің қыз туысы екеу болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Ал, егер олар мирасқорлар ер және әйел туыстар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей тиеді. Аллаһ сендерге адаспауларың үшін түсіндіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

Choose other languages: