Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #137 Translated in Kazakh

إِنْ يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ أَيُّهَا النَّاسُ وَيَأْتِ بِآخَرِينَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ ذَٰلِكَ قَدِيرًا
Ей, адамдар! Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкеледі. Анығында, бұған Аллаһтың күші жетуші
مَنْ كَانَ يُرِيدُ ثَوَابَ الدُّنْيَا فَعِنْدَ اللَّهِ ثَوَابُ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ سَمِيعًا بَصِيرًا
Кім осы өмірдің сыйын қалайтын болса, осы өмір мен соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің сыйы Аллаһта. Аллаһ барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُونُوا قَوَّامِينَ بِالْقِسْطِ شُهَدَاءَ لِلَّهِ وَلَوْ عَلَىٰ أَنْفُسِكُمْ أَوِ الْوَالِدَيْنِ وَالْأَقْرَبِينَ ۚ إِنْ يَكُنْ غَنِيًّا أَوْ فَقِيرًا فَاللَّهُ أَوْلَىٰ بِهِمَا ۖ فَلَا تَتَّبِعُوا الْهَوَىٰ أَنْ تَعْدِلُوا ۚ وَإِنْ تَلْوُوا أَوْ تُعْرِضُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһ үшін куәлік еткендеріңде туралықтан айнымаңдар, тіпті өздеріңе не ата-аналарыңа немесе жақындарыңа қарсы куәлік етсеңдер де. Ол ісі қаралушы бай не кед ей болсын, Аллаһ қай-қайсысына да жақынырақ. Сондықтан әділдіктен ауытқып кетпеу үшін көңіл кұмарлығына ермендер. Егер бұрмаласаңдар не бас тартсаңдар, әлбетте, Аллаһ. не істеп жатқандарыңнан Хабардар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا آمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي نَزَّلَ عَلَىٰ رَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي أَنْزَلَ مِنْ قَبْلُ ۚ وَمَنْ يَكْفُرْ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا بَعِيدًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа әрі Оның Елшісіне және Елшісіне түсірген Кітапқа және Ол одан алдын түсірген Кітапқа сеніңдер. Ал кім Аллаһқа және Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне және Ақирет күніне күпірлік етсе сенбесе , ақиқатында ол ұзақ адасумен адасты
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا ثُمَّ كَفَرُوا ثُمَّ آمَنُوا ثُمَّ كَفَرُوا ثُمَّ ازْدَادُوا كُفْرًا لَمْ يَكُنِ اللَّهُ لِيَغْفِرَ لَهُمْ وَلَا لِيَهْدِيَهُمْ سَبِيلًا
Анығында, иманға келіп, содан кейін күпірлік еткен имансыздыққақайтқан ,кейін тағы иманға келіп, қайта күпірлік еткендер иманнан қайтқандар , содан кейін күпірлігін қарсылығын арттыра түскендерді Аллаһ кешірмейді және тура жолмен жүргізбейді

Choose other languages: