Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #136 Translated in Kazakh

وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Аспандар мен жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Аллаһ бәрін қорғап, сақтауда жеткілікті
إِنْ يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ أَيُّهَا النَّاسُ وَيَأْتِ بِآخَرِينَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ ذَٰلِكَ قَدِيرًا
Ей, адамдар! Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкеледі. Анығында, бұған Аллаһтың күші жетуші
مَنْ كَانَ يُرِيدُ ثَوَابَ الدُّنْيَا فَعِنْدَ اللَّهِ ثَوَابُ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ سَمِيعًا بَصِيرًا
Кім осы өмірдің сыйын қалайтын болса, осы өмір мен соңғы, мәңгілік өмірдің ақиреттің сыйы Аллаһта. Аллаһ барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُونُوا قَوَّامِينَ بِالْقِسْطِ شُهَدَاءَ لِلَّهِ وَلَوْ عَلَىٰ أَنْفُسِكُمْ أَوِ الْوَالِدَيْنِ وَالْأَقْرَبِينَ ۚ إِنْ يَكُنْ غَنِيًّا أَوْ فَقِيرًا فَاللَّهُ أَوْلَىٰ بِهِمَا ۖ فَلَا تَتَّبِعُوا الْهَوَىٰ أَنْ تَعْدِلُوا ۚ وَإِنْ تَلْوُوا أَوْ تُعْرِضُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһ үшін куәлік еткендеріңде туралықтан айнымаңдар, тіпті өздеріңе не ата-аналарыңа немесе жақындарыңа қарсы куәлік етсеңдер де. Ол ісі қаралушы бай не кед ей болсын, Аллаһ қай-қайсысына да жақынырақ. Сондықтан әділдіктен ауытқып кетпеу үшін көңіл кұмарлығына ермендер. Егер бұрмаласаңдар не бас тартсаңдар, әлбетте, Аллаһ. не істеп жатқандарыңнан Хабардар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا آمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي نَزَّلَ عَلَىٰ رَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي أَنْزَلَ مِنْ قَبْلُ ۚ وَمَنْ يَكْفُرْ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا بَعِيدًا
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа әрі Оның Елшісіне және Елшісіне түсірген Кітапқа және Ол одан алдын түсірген Кітапқа сеніңдер. Ал кім Аллаһқа және Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне және Ақирет күніне күпірлік етсе сенбесе , ақиқатында ол ұзақ адасумен адасты

Choose other languages: