Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #133 Translated in Kazakh

وَلَنْ تَسْتَطِيعُوا أَنْ تَعْدِلُوا بَيْنَ النِّسَاءِ وَلَوْ حَرَصْتُمْ ۖ فَلَا تَمِيلُوا كُلَّ الْمَيْلِ فَتَذَرُوهَا كَالْمُعَلَّقَةِ ۚ وَإِنْ تُصْلِحُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا
Сендер қанша тырыссаңдар да әрекеттенсеңдер де әйелдерің арасында әділдік етуге шамаларың келмейді. Сондықтан біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай, әрі-сәрі етіп қоймаңдар. Егер араларыңды түзетсеңдер және тақуалық қылсаңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар , ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَإِنْ يَتَفَرَّقَا يُغْنِ اللَّهُ كُلًّا مِنْ سَعَتِهِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ وَاسِعًا حَكِيمًا
Ал, егер екеуі ажырасса, Аллаһ әрқайсысын Өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. Аллаһ мейірім, ризығы Кең , аса Дана Хаким
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَلَقَدْ وَصَّيْنَا الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَإِيَّاكُمْ أَنِ اتَّقُوا اللَّهَ ۚ وَإِنْ تَكْفُرُوا فَإِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَنِيًّا حَمِيدًا
Әрі аспандардағы және жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Ақиқатында, Біз сендерден бұрынғы Кітап берілгендерге де және сендерге де: «Аллаһтан Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар !» деп өсиет еттік. Ал егер, күпірлік етсеңдер қарсы келсеңдер , онда біліңдер, аспандардағы және жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Әрі Аллаһ Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, аса Мақтаулы
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Аспандар мен жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Аллаһ бәрін қорғап, сақтауда жеткілікті
إِنْ يَشَأْ يُذْهِبْكُمْ أَيُّهَا النَّاسُ وَيَأْتِ بِآخَرِينَ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ ذَٰلِكَ قَدِيرًا
Ей, адамдар! Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкеледі. Анығында, бұған Аллаһтың күші жетуші

Choose other languages: