Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #132 Translated in Kazakh

وَإِنِ امْرَأَةٌ خَافَتْ مِنْ بَعْلِهَا نُشُوزًا أَوْ إِعْرَاضًا فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِمَا أَنْ يُصْلِحَا بَيْنَهُمَا صُلْحًا ۚ وَالصُّلْحُ خَيْرٌ ۗ وَأُحْضِرَتِ الْأَنْفُسُ الشُّحَّ ۚ وَإِنْ تُحْسِنُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا
Егер бір әйел күйеуінің өзімен қарым-қатынасы бұзылуынан не теріс айналуынан қорықса, араларын келісіммен түзетулерінде екеуіне де айып емес. Өйткені келісім қайырлы. Адам жаны сараңдыққа бейім. Егер жақсылық істесеңдер және тақуалық қылсаңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, анығында Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
وَلَنْ تَسْتَطِيعُوا أَنْ تَعْدِلُوا بَيْنَ النِّسَاءِ وَلَوْ حَرَصْتُمْ ۖ فَلَا تَمِيلُوا كُلَّ الْمَيْلِ فَتَذَرُوهَا كَالْمُعَلَّقَةِ ۚ وَإِنْ تُصْلِحُوا وَتَتَّقُوا فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ غَفُورًا رَحِيمًا
Сендер қанша тырыссаңдар да әрекеттенсеңдер де әйелдерің арасында әділдік етуге шамаларың келмейді. Сондықтан біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай, әрі-сәрі етіп қоймаңдар. Егер араларыңды түзетсеңдер және тақуалық қылсаңдар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар , ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَإِنْ يَتَفَرَّقَا يُغْنِ اللَّهُ كُلًّا مِنْ سَعَتِهِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ وَاسِعًا حَكِيمًا
Ал, егер екеуі ажырасса, Аллаһ әрқайсысын Өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. Аллаһ мейірім, ризығы Кең , аса Дана Хаким
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَلَقَدْ وَصَّيْنَا الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلِكُمْ وَإِيَّاكُمْ أَنِ اتَّقُوا اللَّهَ ۚ وَإِنْ تَكْفُرُوا فَإِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ غَنِيًّا حَمِيدًا
Әрі аспандардағы және жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Ақиқатында, Біз сендерден бұрынғы Кітап берілгендерге де және сендерге де: «Аллаһтан Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар !» деп өсиет еттік. Ал егер, күпірлік етсеңдер қарсы келсеңдер , онда біліңдер, аспандардағы және жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Әрі Аллаһ Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, аса Мақтаулы
وَلِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ وَكِيلًا
Аспандар мен жердегілердің бәрі Аллаһтікі. Аллаһ бәрін қорғап, сақтауда жеткілікті

Choose other languages: