Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #14 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ يَأْكُلُونَ أَمْوَالَ الْيَتَامَىٰ ظُلْمًا إِنَّمَا يَأْكُلُونَ فِي بُطُونِهِمْ نَارًا ۖ وَسَيَصْلَوْنَ سَعِيرًا
Ақиқатында, жетімдердің мал-дүниелерін әділетсіздікпен жейтіндер, шын мәнінде қарындарында отты ғана жейді. Таяуда олар Саъирда (жалындаған от) жанады
يُوصِيكُمُ اللَّهُ فِي أَوْلَادِكُمْ ۖ لِلذَّكَرِ مِثْلُ حَظِّ الْأُنْثَيَيْنِ ۚ فَإِنْ كُنَّ نِسَاءً فَوْقَ اثْنَتَيْنِ فَلَهُنَّ ثُلُثَا مَا تَرَكَ ۖ وَإِنْ كَانَتْ وَاحِدَةً فَلَهَا النِّصْفُ ۚ وَلِأَبَوَيْهِ لِكُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا السُّدُسُ مِمَّا تَرَكَ إِنْ كَانَ لَهُ وَلَدٌ ۚ فَإِنْ لَمْ يَكُنْ لَهُ وَلَدٌ وَوَرِثَهُ أَبَوَاهُ فَلِأُمِّهِ الثُّلُثُ ۚ فَإِنْ كَانَ لَهُ إِخْوَةٌ فَلِأُمِّهِ السُّدُسُ ۚ مِنْ بَعْدِ وَصِيَّةٍ يُوصِي بِهَا أَوْ دَيْنٍ ۗ آبَاؤُكُمْ وَأَبْنَاؤُكُمْ لَا تَدْرُونَ أَيُّهُمْ أَقْرَبُ لَكُمْ نَفْعًا ۚ فَرِيضَةً مِنَ اللَّهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمًا
Аллаһ балаларыңа қатысты сендерге тапсырады: бір ер кісіге екі әйелдің үлесіндей тиісті. Егер әйелдер екіден көп болса, Оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Егер біреу болса, оған жартысы тиісті. Егер марқұмның баласы болса ата-анасының әрқайсысына ол қалдырғаннан алтыдан бірі тиісті. Ал, егер баласы болмай, оған ата-анасы ғана!мұрагер болса, онда анасына үштен бірі тиісті. Егер оның бауырлары болса, анасына алтыдан бірі тиісті. бұл көрсетілген бөліс! қалдырған өсиеті немесе қарызынан кейін беріледі . Әкелеріңнің және ұлдарыңның қайсысы пайда келтіруде өздеріңе көбірек жақын екенін білмейсіңдер. бұл Аллаһтың парыз еткені. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
وَلَكُمْ نِصْفُ مَا تَرَكَ أَزْوَاجُكُمْ إِنْ لَمْ يَكُنْ لَهُنَّ وَلَدٌ ۚ فَإِنْ كَانَ لَهُنَّ وَلَدٌ فَلَكُمُ الرُّبُعُ مِمَّا تَرَكْنَ ۚ مِنْ بَعْدِ وَصِيَّةٍ يُوصِينَ بِهَا أَوْ دَيْنٍ ۚ وَلَهُنَّ الرُّبُعُ مِمَّا تَرَكْتُمْ إِنْ لَمْ يَكُنْ لَكُمْ وَلَدٌ ۚ فَإِنْ كَانَ لَكُمْ وَلَدٌ فَلَهُنَّ الثُّمُنُ مِمَّا تَرَكْتُمْ ۚ مِنْ بَعْدِ وَصِيَّةٍ تُوصُونَ بِهَا أَوْ دَيْنٍ ۗ وَإِنْ كَانَ رَجُلٌ يُورَثُ كَلَالَةً أَوِ امْرَأَةٌ وَلَهُ أَخٌ أَوْ أُخْتٌ فَلِكُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا السُّدُسُ ۚ فَإِنْ كَانُوا أَكْثَرَ مِنْ ذَٰلِكَ فَهُمْ شُرَكَاءُ فِي الثُّلُثِ ۚ مِنْ بَعْدِ وَصِيَّةٍ يُوصَىٰ بِهَا أَوْ دَيْنٍ غَيْرَ مُضَارٍّ ۚ وَصِيَّةً مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَلِيمٌ
Сендерге баласы болмаған жұбайларың қалдырғанның жартысы тиісті. Ал, егер олардың баласы болса, сендерге олар қалдырғанның төрттен бірі тиісті. бұл көрсетілген бөліс қалдырған өсиеттері немесе қарыздарынан кейін беріледі . Сондай-ақ Оларға да әйелдеріңе балаларың болмаса, сендер қалдырғанның төрттен бірі тиесілі. Ал, егер сендерде балалар болса, Оларға сендер қалдырғанның сегізден бірі тиесілі. бұл көрсетілген бөліс қалдырған өсиеттерің немесе қарыздарыңнан кейін беріледі . Егер ата-анасы немесе балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлініп, оның ер немесе қыз бауыры болса, олардың әрбіріне алтыдан бірі тиісті. Егер олар бұдан көп болса, олар мирастың үштен біріне ортақ болады. бұл көрсетілген бөліс! қалдырылған өсиет не қарыздан кейін, ешкімге залал келтірілмей беріледі . Бұл Аллаһтан бекітілген бір өсиет. Аллаһ бәрін Білуші ’Алим , аса Жұмсақ, Ұстамды Халим
تِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ ۚ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ وَذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Міне, бұлар Аллаһтың белгілеген шектері. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы ұлы табыс
وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَتَعَدَّ حُدُودَهُ يُدْخِلْهُ نَارًا خَالِدًا فِيهَا وَلَهُ عَذَابٌ مُهِينٌ
Ал, кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе және Оның шектеулерінен шықса, Ол оны ішінде мәңгі қалатын Отқа тозаққа кіргізеді әрі оған қорлаушы азап бар

Choose other languages: