Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #70 Translated in Kazakh

فَعَمِيَتْ عَلَيْهِمُ الْأَنْبَاءُ يَوْمَئِذٍ فَهُمْ لَا يَتَسَاءَلُونَ
Сол күні Оларға хабарлар жасырын болады және олар бір-бірінен ешнәрсе сұрамайды
فَأَمَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَعَسَىٰ أَنْ يَكُونَ مِنَ الْمُفْلِحِينَ
Ал, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубеге келсе және иманға келсе әрі ізгі амал істесе, сол мұратына жетушілерден болады
وَرَبُّكَ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ وَيَخْتَارُ ۗ مَا كَانَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Әрі Раббың қалағанын жаратады және таңдайды. Оларда таңдау жоқ. Аллаһ пәк және олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
وَرَبُّكَ يَعْلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمْ وَمَا يُعْلِنُونَ
Әрі Раббың олардың көкіректері нені жасыратынын және олардың нені әшкере істейтіндерін біледі
وَهُوَ اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ لَهُ الْحَمْدُ فِي الْأُولَىٰ وَالْآخِرَةِ ۖ وَلَهُ الْحُكْمُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Ол Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Алдыңғы әрі соңғы, мәңгілік өмірдегі барлық мақтау Оған. Үкім шығару билігі Онікі. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

Choose other languages: