Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #72 Translated in Kazakh

وَرَبُّكَ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ وَيَخْتَارُ ۗ مَا كَانَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Әрі Раббың қалағанын жаратады және таңдайды. Оларда таңдау жоқ. Аллаһ пәк және олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
وَرَبُّكَ يَعْلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمْ وَمَا يُعْلِنُونَ
Әрі Раббың олардың көкіректері нені жасыратынын және олардың нені әшкере істейтіндерін біледі
وَهُوَ اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ لَهُ الْحَمْدُ فِي الْأُولَىٰ وَالْآخِرَةِ ۖ وَلَهُ الْحُكْمُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Ол Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Алдыңғы әрі соңғы, мәңгілік өмірдегі барлық мақтау Оған. Үкім шығару билігі Онікі. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ جَعَلَ اللَّهُ عَلَيْكُمُ اللَّيْلَ سَرْمَدًا إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ يَأْتِيكُمْ بِضِيَاءٍ ۖ أَفَلَا تَسْمَعُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендерге түнді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге жарықты Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер естімейсіңдер ме?»- деп
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ جَعَلَ اللَّهُ عَلَيْكُمُ النَّهَارَ سَرْمَدًا إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ يَأْتِيكُمْ بِلَيْلٍ تَسْكُنُونَ فِيهِ ۖ أَفَلَا تُبْصِرُونَ
Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сен­дерге күндізді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге тынығатын түнді Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер көрмейсіңдер ме?» деп

Choose other languages: