Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #69 Translated in Kazakh

وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ فَيَقُولُ مَاذَا أَجَبْتُمُ الْمُرْسَلِينَ
Әрі, сол күні Ол Аллаһ оларға: «Елшілерге не жауап бердіңдер?» деп үндейді
فَعَمِيَتْ عَلَيْهِمُ الْأَنْبَاءُ يَوْمَئِذٍ فَهُمْ لَا يَتَسَاءَلُونَ
Сол күні Оларға хабарлар жасырын болады және олар бір-бірінен ешнәрсе сұрамайды
فَأَمَّا مَنْ تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَعَسَىٰ أَنْ يَكُونَ مِنَ الْمُفْلِحِينَ
Ал, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубеге келсе және иманға келсе әрі ізгі амал істесе, сол мұратына жетушілерден болады
وَرَبُّكَ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ وَيَخْتَارُ ۗ مَا كَانَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Әрі Раббың қалағанын жаратады және таңдайды. Оларда таңдау жоқ. Аллаһ пәк және олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
وَرَبُّكَ يَعْلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمْ وَمَا يُعْلِنُونَ
Әрі Раббың олардың көкіректері нені жасыратынын және олардың нені әшкере істейтіндерін біледі

Choose other languages: