Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #88 Translated in Kazakh

وَمَا لَنَا لَا نُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَمَا جَاءَنَا مِنَ الْحَقِّ وَنَطْمَعُ أَنْ يُدْخِلَنَا رَبُّنَا مَعَ الْقَوْمِ الصَّالِحِينَ
Раббымыздың бізді ізгі адамдармен бірге етуін қалайтын болсақ, Аллаһқа сенбейтіндей және өзімізге келген ақиқатқа сенбейтіндей бізге не болды?» дейді
فَأَثَابَهُمُ اللَّهُ بِمَا قَالُوا جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا ۚ وَذَٰلِكَ جَزَاءُ الْمُحْسِنِينَ
Сонда Аллаһ оларды айтқан сөздері үшін астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтармен марапаттады, олар онда мәңгі қалушы. жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйы, міне осы
وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
Ал, сондай күпірлік еткендер қарсы келгендер әрі аяттарымызды өтірікке шығарғандар болса, олар Жахимда (тозақ) болатындар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُحَرِّمُوا طَيِّبَاتِ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَعْتَدُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ
Ей, иманға келгендер! Аллаһ рұқсат берген халал жақсы нәрселерге тыйым салмаңдар әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді
وَكُلُوا مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ حَلَالًا طَيِّبًا ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي أَنْتُمْ بِهِ مُؤْمِنُونَ
Аллаһ сендерге рұқсат халал етіп, жақсы етіп берген ризықтарынан жеңдер. Әрі өздерің сенген Аллаһтан Оның тыйғандарынан! қорқып, сақтаныңдар

Choose other languages: