Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #90 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
Ал, сондай күпірлік еткендер қарсы келгендер әрі аяттарымызды өтірікке шығарғандар болса, олар Жахимда (тозақ) болатындар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُحَرِّمُوا طَيِّبَاتِ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَعْتَدُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ
Ей, иманға келгендер! Аллаһ рұқсат берген халал жақсы нәрселерге тыйым салмаңдар әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді
وَكُلُوا مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ حَلَالًا طَيِّبًا ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي أَنْتُمْ بِهِ مُؤْمِنُونَ
Аллаһ сендерге рұқсат халал етіп, жақсы етіп берген ризықтарынан жеңдер. Әрі өздерің сенген Аллаһтан Оның тыйғандарынан! қорқып, сақтаныңдар
لَا يُؤَاخِذُكُمُ اللَّهُ بِاللَّغْوِ فِي أَيْمَانِكُمْ وَلَٰكِنْ يُؤَاخِذُكُمْ بِمَا عَقَّدْتُمُ الْأَيْمَانَ ۖ فَكَفَّارَتُهُ إِطْعَامُ عَشَرَةِ مَسَاكِينَ مِنْ أَوْسَطِ مَا تُطْعِمُونَ أَهْلِيكُمْ أَوْ كِسْوَتُهُمْ أَوْ تَحْرِيرُ رَقَبَةٍ ۖ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ ۚ ذَٰلِكَ كَفَّارَةُ أَيْمَانِكُمْ إِذَا حَلَفْتُمْ ۚ وَاحْفَظُوا أَيْمَانَكُمْ ۚ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Аллаһ анттарыңдағы бос сөздер үшін сендерді жазаға тартпайды. Бірақ, Ол сендерді бекіткен анттарың үшін жазаға тартады. Анттарыңды бұзғанжағдайда оның өтемі кәффәраты үй іштеріңді тамақтандыратын орташа есеппен он кедейді тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Кім мұны таппаса, үш күн ораза тұтады. Ант ішсеңдер, анттарыңның өтемі кәффәраты осы. Анттарыңды сақтаңдар. Аллаһ сендерге шүкір етулерің берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін аяттарын осылай анық баян етеді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنْصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Ей, иманға келгендер! Анығында мас қылатын ішімдіктер хамр және құмар ойындары майсир әрі табыну үшін қойылған нәрселер ансаб және бал ашатын таяқшалар әзләм жиіркенішті нәрселер, шайтанның ісінен. мұраттарыңа жету үшін оған жоламаңдар

Choose other languages: