Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #78 Translated in Kazakh

أَفَلَا يَتُوبُونَ إِلَى اللَّهِ وَيَسْتَغْفِرُونَهُ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып тәубе етіп және Одан кешірім тілемей ме? Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
مَا الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ وَأُمُّهُ صِدِّيقَةٌ ۖ كَانَا يَأْكُلَانِ الطَّعَامَ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُبَيِّنُ لَهُمُ الْآيَاتِ ثُمَّ انْظُرْ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
Мәриям ұлы Мәсих бір Елші ғана. Негізінде, одан бұрын да елшілер өткен. Ал, оның анасы шыншыл еді. Екеуі де тамақ жейтін еді. Біз оларға аяттарды қалай анық баян еткенімізге қара да, кейін олардың қайда бұрылып бара жатқандарына назар сал
قُلْ أَتَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَمْلِكُ لَكُمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا ۚ وَاللَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Айт серік қосушыларға : «Сендер Аллаһты қойып, өздеріңе зиян жеткізуге, не пайда келтіруге шамасы жоқ нәрсеге табынасыңдар ма?» деп. Аллаһ бәрін Естуші , бәрін Білуші
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ غَيْرَ الْحَقِّ وَلَا تَتَّبِعُوا أَهْوَاءَ قَوْمٍ قَدْ ضَلُّوا مِنْ قَبْلُ وَأَضَلُّوا كَثِيرًا وَضَلُّوا عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Діндеріңде ақиқаттан аттап, артық кетпендер және өздері бұрын адасып әрі көпшілікті адастырған, сондай-ақ тура жолдан ауытқыған адамдардың құмарлықтарына ермеңдер», деп
لُعِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ لِسَانِ دَاوُودَ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ۚ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ
Исраил ұрпақтарынан күпірлік еткендерге Аллаһқа қарсы келгендерге , Дәуіттің және Мәриям ұлы Исаның тілімен лағнет қарғыс айтылды. Бұл олардың бойсұнбағандықтары әрі шектен шығуларының себебінен

Choose other languages: