Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #77 Translated in Kazakh

لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ ثَالِثُ ثَلَاثَةٍ ۘ وَمَا مِنْ إِلَٰهٍ إِلَّا إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۚ وَإِنْ لَمْ يَنْتَهُوا عَمَّا يَقُولُونَ لَيَمَسَّنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Шын мәнінде: «Аллаһ үштіктің үшіншісі», дегендер күпірлік етті Аллаһтың бірлігін теріске шығарды . Жалғыз құдайдан Аллаһтан басқа құдай жоқ. Егер олар айтқандарынан қайтпаса, олардан күпірлік еткендерге Аллаһқа қарсы келгендерге , міндетті түрде күйзелтуші азап тиеді
أَفَلَا يَتُوبُونَ إِلَى اللَّهِ وَيَسْتَغْفِرُونَهُ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып тәубе етіп және Одан кешірім тілемей ме? Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
مَا الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ وَأُمُّهُ صِدِّيقَةٌ ۖ كَانَا يَأْكُلَانِ الطَّعَامَ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُبَيِّنُ لَهُمُ الْآيَاتِ ثُمَّ انْظُرْ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
Мәриям ұлы Мәсих бір Елші ғана. Негізінде, одан бұрын да елшілер өткен. Ал, оның анасы шыншыл еді. Екеуі де тамақ жейтін еді. Біз оларға аяттарды қалай анық баян еткенімізге қара да, кейін олардың қайда бұрылып бара жатқандарына назар сал
قُلْ أَتَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَمْلِكُ لَكُمْ ضَرًّا وَلَا نَفْعًا ۚ وَاللَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Айт серік қосушыларға : «Сендер Аллаһты қойып, өздеріңе зиян жеткізуге, не пайда келтіруге шамасы жоқ нәрсеге табынасыңдар ма?» деп. Аллаһ бәрін Естуші , бәрін Білуші
قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ غَيْرَ الْحَقِّ وَلَا تَتَّبِعُوا أَهْوَاءَ قَوْمٍ قَدْ ضَلُّوا مِنْ قَبْلُ وَأَضَلُّوا كَثِيرًا وَضَلُّوا عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Діндеріңде ақиқаттан аттап, артық кетпендер және өздері бұрын адасып әрі көпшілікті адастырған, сондай-ақ тура жолдан ауытқыған адамдардың құмарлықтарына ермеңдер», деп

Choose other languages: