Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #28 Translated in Kazakh

قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِنَّا لَنْ نَدْخُلَهَا أَبَدًا مَا دَامُوا فِيهَا ۖ فَاذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ فَقَاتِلَا إِنَّا هَاهُنَا قَاعِدُونَ
Олар : «Ей, Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған ешқашан кірмейміз. Сен және Раббың барып екеуің соғысыңдар. Ал біз, осында отыра тұрамыз», деді
قَالَ رَبِّ إِنِّي لَا أَمْلِكُ إِلَّا نَفْسِي وَأَخِي ۖ فَافْرُقْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ
Мұса :«Раббым! Анығында мен өзімнен және бауырымнан басқаға иелік ете алмаймын. Біз бен бұзық бойсұнбаушы адамдардың арасын ажырата гөр!» деді
قَالَ فَإِنَّهَا مُحَرَّمَةٌ عَلَيْهِمْ ۛ أَرْبَعِينَ سَنَةً ۛ يَتِيهُونَ فِي الْأَرْضِ ۚ فَلَا تَأْسَ عَلَى الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ
Аллаһ : «Енді ол сол қасиетті жер оларға қырық жылға тыйым салынды. Олар жер бетінде қаңғырып жүреді. Сондықтан бұзық адамдар үшін күйінбе», деді
وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ ابْنَيْ آدَمَ بِالْحَقِّ إِذْ قَرَّبَا قُرْبَانًا فَتُقُبِّلَ مِنْ أَحَدِهِمَا وَلَمْ يُتَقَبَّلْ مِنَ الْآخَرِ قَالَ لَأَقْتُلَنَّكَ ۖ قَالَ إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ اللَّهُ مِنَ الْمُتَّقِينَ
Ей, Мұхаммед!! Оларға Адамның екі ұлының хабарын ақиқатпен оқып бер. Сол кезде ол екеуі Аллаһқа жақындау үшін беретіндерін құрбандықтарын ұсынды. Сонда олардың бірінен қабыл етіліп, екіншісінен қабыл етілмеді. Қабыл етілмегені : «Мен сені міндетті түрде өлтіремін», деді. Қабыл етілгені : «Шын мәнінде, Аллаһ тақуалардан Раббысың жазасынан қорқып, сақтанушылардан ғана қабыл етеді
لَئِنْ بَسَطْتَ إِلَيَّ يَدَكَ لِتَقْتُلَنِي مَا أَنَا بِبَاسِطٍ يَدِيَ إِلَيْكَ لِأَقْتُلَكَ ۖ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ رَبَّ الْعَالَمِينَ
Егер де сен мені өлтіру үшін қолыңды созсаң да көтерсең де , мен сені өлтіру үшін қолымды созбаймын көтермеймін . Анығында, мен әлемдердің Раббысы Аллаһ­тан қорқамын

Choose other languages: