Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #26 Translated in Kazakh

قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِنَّ فِيهَا قَوْمًا جَبَّارِينَ وَإِنَّا لَنْ نَدْخُلَهَا حَتَّىٰ يَخْرُجُوا مِنْهَا فَإِنْ يَخْرُجُوا مِنْهَا فَإِنَّا دَاخِلُونَ
Олар: «Ей, Мұса! Онда қуатты бір ел бар. Солар ол жерден шықпайынша, біз ол жерге мүлдем кірмейміз. Олар сол жерден шығып кетсе ғана кіреміз», деді
قَالَ رَجُلَانِ مِنَ الَّذِينَ يَخَافُونَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمَا ادْخُلُوا عَلَيْهِمُ الْبَابَ فَإِذَا دَخَلْتُمُوهُ فَإِنَّكُمْ غَالِبُونَ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَتَوَكَّلُوا إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Аллаһтан қорыққандардан болған, өздерін Аллаһ игілікке бөлеген екі кісі: «Оларға қақпадан кіріндер! Қашан оған кірсеңдер, әлбетте жеңіске жетесіңдер. Егер иманды мүмін болсаңдар, Аллаһқа жүгініп, Оған істерінді тапсырыңдар тәуекел етіңдер » деді
قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِنَّا لَنْ نَدْخُلَهَا أَبَدًا مَا دَامُوا فِيهَا ۖ فَاذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ فَقَاتِلَا إِنَّا هَاهُنَا قَاعِدُونَ
Олар : «Ей, Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған ешқашан кірмейміз. Сен және Раббың барып екеуің соғысыңдар. Ал біз, осында отыра тұрамыз», деді
قَالَ رَبِّ إِنِّي لَا أَمْلِكُ إِلَّا نَفْسِي وَأَخِي ۖ فَافْرُقْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ
Мұса :«Раббым! Анығында мен өзімнен және бауырымнан басқаға иелік ете алмаймын. Біз бен бұзық бойсұнбаушы адамдардың арасын ажырата гөр!» деді
قَالَ فَإِنَّهَا مُحَرَّمَةٌ عَلَيْهِمْ ۛ أَرْبَعِينَ سَنَةً ۛ يَتِيهُونَ فِي الْأَرْضِ ۚ فَلَا تَأْسَ عَلَى الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ
Аллаһ : «Енді ол сол қасиетті жер оларға қырық жылға тыйым салынды. Олар жер бетінде қаңғырып жүреді. Сондықтан бұзық адамдар үшін күйінбе», деді

Choose other languages: