Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #16 Translated in Kazakh

ثُمَّ بَعَثْنَاهُمْ لِنَعْلَمَ أَيُّ الْحِزْبَيْنِ أَحْصَىٰ لِمَا لَبِثُوا أَمَدًا
Содан кейін екі топтың қайсысы мерзімді дәлірек есептейтінін білу үшін оларды қайтадан тірілттік ояттық
نَحْنُ نَقُصُّ عَلَيْكَ نَبَأَهُمْ بِالْحَقِّ ۚ إِنَّهُمْ فِتْيَةٌ آمَنُوا بِرَبِّهِمْ وَزِدْنَاهُمْ هُدًى
Ей, Мұхаммед! Саған олардың хабарын ақиқатпен баян етеміз. Күдіксіз, олар өздерінің Раббысына сенген жігіттер еді, Біз олардың туралықтарын арттыра түстік
وَرَبَطْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ إِذْ قَامُوا فَقَالُوا رَبُّنَا رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ لَنْ نَدْعُوَ مِنْ دُونِهِ إِلَٰهًا ۖ لَقَدْ قُلْنَا إِذًا شَطَطًا
Олар тұрып: «Біздің Раббымыз аспандардың және жердің Раббысы. Біз Одан өзгені құдай етіп ешқашан тілемейміз. Онда біз шектен шыққан сөзді айтқан боламыз», деген кезде, Біз олардың жүректерін бекіткен едік
هَٰؤُلَاءِ قَوْمُنَا اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ آلِهَةً ۖ لَوْلَا يَأْتُونَ عَلَيْهِمْ بِسُلْطَانٍ بَيِّنٍ ۖ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا
Олар бір-біріне : «Мына еліміз Одан өзгені құдайлар етіп алды. Олар соларға құдайларына қатысты неге анық дәлел келтірмейді? Аллаһқа қатысты ойдан өтірікті құрастырғаннан әділетсіз кім бар?» деді
وَإِذِ اعْتَزَلْتُمُوهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ إِلَّا اللَّهَ فَأْوُوا إِلَى الْكَهْفِ يَنْشُرْ لَكُمْ رَبُّكُمْ مِنْ رَحْمَتِهِ وَيُهَيِّئْ لَكُمْ مِنْ أَمْرِكُمْ مِرْفَقًا
«Енді олардан және олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан бөлініп шыққан соң, үңгірді паналаңдар. Сендердің Раббың өздеріңе мейірімін жаяды әрі істеріңе көмек беріп, жеңілдетеді», деді

Choose other languages: