Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #18 Translated in Kazakh

وَرَبَطْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ إِذْ قَامُوا فَقَالُوا رَبُّنَا رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ لَنْ نَدْعُوَ مِنْ دُونِهِ إِلَٰهًا ۖ لَقَدْ قُلْنَا إِذًا شَطَطًا
Олар тұрып: «Біздің Раббымыз аспандардың және жердің Раббысы. Біз Одан өзгені құдай етіп ешқашан тілемейміз. Онда біз шектен шыққан сөзді айтқан боламыз», деген кезде, Біз олардың жүректерін бекіткен едік
هَٰؤُلَاءِ قَوْمُنَا اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهِ آلِهَةً ۖ لَوْلَا يَأْتُونَ عَلَيْهِمْ بِسُلْطَانٍ بَيِّنٍ ۖ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا
Олар бір-біріне : «Мына еліміз Одан өзгені құдайлар етіп алды. Олар соларға құдайларына қатысты неге анық дәлел келтірмейді? Аллаһқа қатысты ойдан өтірікті құрастырғаннан әділетсіз кім бар?» деді
وَإِذِ اعْتَزَلْتُمُوهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ إِلَّا اللَّهَ فَأْوُوا إِلَى الْكَهْفِ يَنْشُرْ لَكُمْ رَبُّكُمْ مِنْ رَحْمَتِهِ وَيُهَيِّئْ لَكُمْ مِنْ أَمْرِكُمْ مِرْفَقًا
«Енді олардан және олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан бөлініп шыққан соң, үңгірді паналаңдар. Сендердің Раббың өздеріңе мейірімін жаяды әрі істеріңе көмек беріп, жеңілдетеді», деді
وَتَرَى الشَّمْسَ إِذَا طَلَعَتْ تَزَاوَرُ عَنْ كَهْفِهِمْ ذَاتَ الْيَمِينِ وَإِذَا غَرَبَتْ تَقْرِضُهُمْ ذَاتَ الشِّمَالِ وَهُمْ فِي فَجْوَةٍ مِنْهُ ۚ ذَٰلِكَ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ ۗ مَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَهُوَ الْمُهْتَدِ ۖ وَمَنْ يُضْلِلْ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ وَلِيًّا مُرْشِدًا
Ей, Мұхаммед! Күннің шыққан кезінде, олардың үңгірін оң жақтан ауып өткенін, ал батқан кезінде сол жағынан өтіп кеткенін көресің. Ал, олар оның үңгірдің ортасында болды. Бұл Аллаһтың белгілерінен. Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, ол үшін бағыт көрсетер қамқоршы таба алмайсың
وَتَحْسَبُهُمْ أَيْقَاظًا وَهُمْ رُقُودٌ ۚ وَنُقَلِّبُهُمْ ذَاتَ الْيَمِينِ وَذَاتَ الشِّمَالِ ۖ وَكَلْبُهُمْ بَاسِطٌ ذِرَاعَيْهِ بِالْوَصِيدِ ۚ لَوِ اطَّلَعْتَ عَلَيْهِمْ لَوَلَّيْتَ مِنْهُمْ فِرَارًا وَلَمُلِئْتَ مِنْهُمْ رُعْبًا
Оларды ояу деп ойлайсың, негізінен олар ұйқыда. Біз оларды оң жағына және сол жағына аударып тұрамыз. Ал иттері үңгірдің кіре берісінде, алдыңғы екі аяғын созып жатты. Егер де оларды көргеніңде, олардан бұрылып қашып, сені қорқыныш басар еді

Choose other languages: