Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #21 Translated in Kazakh

وَتَرَى الشَّمْسَ إِذَا طَلَعَتْ تَزَاوَرُ عَنْ كَهْفِهِمْ ذَاتَ الْيَمِينِ وَإِذَا غَرَبَتْ تَقْرِضُهُمْ ذَاتَ الشِّمَالِ وَهُمْ فِي فَجْوَةٍ مِنْهُ ۚ ذَٰلِكَ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ ۗ مَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَهُوَ الْمُهْتَدِ ۖ وَمَنْ يُضْلِلْ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ وَلِيًّا مُرْشِدًا
Ей, Мұхаммед! Күннің шыққан кезінде, олардың үңгірін оң жақтан ауып өткенін, ал батқан кезінде сол жағынан өтіп кеткенін көресің. Ал, олар оның үңгірдің ортасында болды. Бұл Аллаһтың белгілерінен. Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, ол үшін бағыт көрсетер қамқоршы таба алмайсың
وَتَحْسَبُهُمْ أَيْقَاظًا وَهُمْ رُقُودٌ ۚ وَنُقَلِّبُهُمْ ذَاتَ الْيَمِينِ وَذَاتَ الشِّمَالِ ۖ وَكَلْبُهُمْ بَاسِطٌ ذِرَاعَيْهِ بِالْوَصِيدِ ۚ لَوِ اطَّلَعْتَ عَلَيْهِمْ لَوَلَّيْتَ مِنْهُمْ فِرَارًا وَلَمُلِئْتَ مِنْهُمْ رُعْبًا
Оларды ояу деп ойлайсың, негізінен олар ұйқыда. Біз оларды оң жағына және сол жағына аударып тұрамыз. Ал иттері үңгірдің кіре берісінде, алдыңғы екі аяғын созып жатты. Егер де оларды көргеніңде, олардан бұрылып қашып, сені қорқыныш басар еді
وَكَذَٰلِكَ بَعَثْنَاهُمْ لِيَتَسَاءَلُوا بَيْنَهُمْ ۚ قَالَ قَائِلٌ مِنْهُمْ كَمْ لَبِثْتُمْ ۖ قَالُوا لَبِثْنَا يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ ۚ قَالُوا رَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَا لَبِثْتُمْ فَابْعَثُوا أَحَدَكُمْ بِوَرِقِكُمْ هَٰذِهِ إِلَى الْمَدِينَةِ فَلْيَنْظُرْ أَيُّهَا أَزْكَىٰ طَعَامًا فَلْيَأْتِكُمْ بِرِزْقٍ مِنْهُ وَلْيَتَلَطَّفْ وَلَا يُشْعِرَنَّ بِكُمْ أَحَدًا
Сөйтіп Біз оларды бір-бірінен сұрасулары үшін қайта тірілттік ояттық . Олардан біреуі «Қанша болдыңдар?» деді. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі»,- деді. «Қанша болғандарыңды өздеріңнің Раббың жақсы біледі. Біреулеріңді мына күміс теңгелеріңмен қалаға жіберіңдер. Тағамның қайсысы таза екенін қарап, сендерге азық алып келсін. Әрі сыпайы, сақ болсын, сендерді ешкімге байқатпасын
إِنَّهُمْ إِنْ يَظْهَرُوا عَلَيْكُمْ يَرْجُمُوكُمْ أَوْ يُعِيدُوكُمْ فِي مِلَّتِهِمْ وَلَنْ تُفْلِحُوا إِذًا أَبَدًا
Егер олар сендерді көріп қойса, тас атады немесе діндеріне қайтарады. Онда сендер ешқашан мұраттарыңа жетпейсіңдер», деді
وَكَذَٰلِكَ أَعْثَرْنَا عَلَيْهِمْ لِيَعْلَمُوا أَنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَأَنَّ السَّاعَةَ لَا رَيْبَ فِيهَا إِذْ يَتَنَازَعُونَ بَيْنَهُمْ أَمْرَهُمْ ۖ فَقَالُوا ابْنُوا عَلَيْهِمْ بُنْيَانًا ۖ رَبُّهُمْ أَعْلَمُ بِهِمْ ۚ قَالَ الَّذِينَ غَلَبُوا عَلَىٰ أَمْرِهِمْ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيْهِمْ مَسْجِدًا
Осылай, Аллаһтың уәдесінің шындығын, Сағаттың қайта тірілудің шәксіз болатындығын адамдар білуі үшін оларды, бұларға кезіктірдік. Сол кезде бұлар өзара олар жөнінде дауласты. Бұлар: «Олардың басына үңгірдің аузын бекітіп құрылыс тұрғызыңдар. Оларды Раббысы жақсы біледі»,- деді. Бұл мәселеде үстем келгендер: «Біз олардың басына мешіт саламыз»,- деді

Choose other languages: