Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #57 Translated in Kazakh

وَقُلْ لِعِبَادِي يَقُولُوا الَّتِي هِيَ أَحْسَنُ ۚ إِنَّ الشَّيْطَانَ يَنْزَغُ بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلْإِنْسَانِ عَدُوًّا مُبِينًا
Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына назғ қылады іріткі салып, бұзады .Анығында, шайтан адам баласына анық дұшпан
رَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِكُمْ ۖ إِنْ يَشَأْ يَرْحَمْكُمْ أَوْ إِنْ يَشَأْ يُعَذِّبْكُمْ ۚ وَمَا أَرْسَلْنَاكَ عَلَيْهِمْ وَكِيلًا
Сендерді Раббың жақсы біледі. Қаласа, сендерге мейірім етеді, қаласа азаптайды. Біз сені олар үшін жауапты етіп жібермедік
وَرَبُّكَ أَعْلَمُ بِمَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۗ وَلَقَدْ فَضَّلْنَا بَعْضَ النَّبِيِّينَ عَلَىٰ بَعْضٍ ۖ وَآتَيْنَا دَاوُودَ زَبُورًا
Сондай-ақ, сенің Раббың аспандардағы және жердегілерді жақсы біледі. Біз пайғамбарлардың кейбіріне өзгелерінен артықшылық бердік. Әрі Дәуітке Забурды бердік
قُلِ ادْعُوا الَّذِينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِهِ فَلَا يَمْلِكُونَ كَشْفَ الضُّرِّ عَنْكُمْ وَلَا تَحْوِيلًا
Ей, Мұхаммед Оларға: «Одан өзге құдай деп ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден зиянды кетіруге, бұрып жіберуге шамасы жоқ», деп айт
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يَدْعُونَ يَبْتَغُونَ إِلَىٰ رَبِّهِمُ الْوَسِيلَةَ أَيُّهُمْ أَقْرَبُ وَيَرْجُونَ رَحْمَتَهُ وَيَخَافُونَ عَذَابَهُ ۚ إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ كَانَ مَحْذُورًا
Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы қорғанып, сақтануға тиіс қажетті болған нәрсе

Choose other languages: